22 C
Нур-Султан
13.08.2022

Аймағанбетов: ЖОО ғылыммен айналыспаса, ол – колледж немесе мектеп болғаны

ЖОО мен ғылыми зерттеу институттары бірінші кезекте бизнес өкілдерімен жұмыс жүргізуі керек. Осы бағыттағы тиісті жол картасын әзірлеуді тапсырамын, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Ғылыми зерттеу институттары мен ЖОО ынтымақтастығы өте маңызды. Сіздер («ректорлар» – ред. түсіндірмесі) Алматыда жиналып, тиісті келісімшартқа қол қойдыңыздар. Бұл науқан емес және жұмысты әрі қарай да жалғастырамыз. Барлық ЖОО мен ғылыми зерттеу институттары бірлесіп жұмыс істеуі керек. Елдегі білім ордаларының тең жартысында ғылыми зерттеу жұмысы жоқ. Егер олар ғылыммен айналыспаса, жоғары оқу орны деп атауға да болмайды. Ғылыми жұмысы, ғалымдары болмаса, ол қандай жоғарғы оқу орны? Ол – колледж немесе мектеп», – деді Асхат Аймағамбетов.
Министр аталған жұмысты белсенді орындамай жатқан әріптестер туралы ақпарат беруді, бизнеспен ынтымақтастық жолдарын қарастырып, тиісті жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Асхат Аймағамбетов нақты іспен айналысатын мамандардың тапшы екеніне де тоқталды.
«Әдемі, қызыл лента қиюды жақсы үйреніп алдық. Әртүрлі атақты адамдардың атына кабинет беріп, оған әдемі таблица ілу де белсенді жолға қойылды. Бұл мәселені ирониямен айтып отырмын. Осындай жұмыстардан гөрі университет алдында тұрған нақты да маңызды мәселелермен айналысқан дұрыс. Жаңалықтарды қарап отырамыз. Мереке, салтанатты рәсімдерді өткізу керек болса, онда алдыңғы қатарда жүреді. Ал нақты мазмұнмен айналысатындардың саны аз», – деді министр.

-ЖАРНАМА-

3 КОММЕНТАРИИ

  1. Жоо оқытушыларының жалақысы мектептен төмен болса, қағазбастылықтан көз ашпаса, не істеуге болады?

  2. ЖОО оқытушылары жалақысы мектеп мұғалімімен салыстырғанда екі есе кем алады. Стаж есептелмейді, кеше кірген оқытушы мен 30 жыл еңбек еткен оқытушы бірдей айлық алады. Аға оқытушы кемі 230 мың теңге айлық алады деген өтірік болып шықты, 17 жыл стажбен қолға 185 мың беретін болып шықты, phd докторант степендиясы 195 мың. Әділеттілік қайда?

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Атырау облысында мектеп тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

Атырау облысында жаңа оқу жылында үш мектеп ашылады. Биыл тағы бес мектептің құрылысы басталады. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, жаңа оқу...

Жетісайда бір мектептің барлық түлегі мемлекеттік грантқа ие болды

Түркістан облысы, Жетісай ауданы Б. Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды. Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Момышұлы мектеп...

Баласын мектепке киіндіруге қаржылай көмек алған ата-аналар чек көрсетіп, есеп беруге тиіс

«Жалпыға міндетті білім беру» қоры қаржысын мақсатсыз жұмсаған ата-ана жауапқа тартылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев...

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Оның атап...