19 C
Нур-Султан
26.09.2022

Павлодар қаласында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша желілік олимпиада басталды

Павлодар қаласының Зияткерлік мектебінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша желілік олимпиада басталып, оған 120-дан астам NIS оқушысы білімін бағамдауға жиналды.

Салтанатты ашылу рәсімінде мектеп директоры Ринат Жұмабаев қатысушыларға сәттілік тілей отырып, олимпиада алға қойған жаңа міндеттерге үлкен мотивация беретініне сенім білдірді.

Көкшетаулық 10-сынып оқушысы Ернұр Құралбай білім додасында Қазақстан тарихы бойынша сынға түседі.

— Мен бұл олимпиадаға тыңғылықты дайындалдым. Қарсыластарымның да дайындығы жаман емес, дегенмен мен өз күшіме нық сенемін. Олимпиаданың арқасында жаңа достар таптым.

Ал, Петропавлдық Аяулым Қабдуали желілік олимпиадаға бірінші рет қатысып отыр.
— Павлодар қаласы еліміздің әр түкпірінен келген оқушылардың басын қосты. Иә, кішкене қобалжу бар, алайда жеңіске әркімнің де таласы бар,- дейді зияткер.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша желілік олимпиаданың үздіктерінің есімі 1-сәуір белгілі болады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

​Мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 515 автобус сатып алынады

Елімізде мектебі жоқ немесе бастауыш мектебі ғана бар ауылдардың балаларын жақын маңдағы білім беру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдау үшін 515 жаңа автобус сатып алынады. «Балаларды қауіпсіз...

Білім мәселелері бойынша 1450 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс...

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...