Home Жаңалық Білім және ғылым министрлігі TikTok парақшасын ашты

Білім және ғылым министрлігі TikTok парақшасын ашты

0
Білім және ғылым министрлігі TikTok парақшасын ашты

Білім және ғылым министрлігі TikTok парақшасын ашты, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«Құрметті студенттер мен оқушылар!

Елімізде өздеріңіз сияқты 4 млн-нан астам студент пен оқушы (3,6 млн мектеп оқушысы және бір млн-нан астам колледждер мен университеттердің студенттері) бар.

Біз сіздермен бір толқында болғымыз келеді. Күннен-күнге танымалдығы артып келе жатқан TikTok-та көп уақыт өткізетіндеріңізді білеміз. Сол себепті министрлік те TikTok-та (www.tiktok.com/@bilim_gylym) парақшасын ашуды жөн көрді.

Біздің парақшаға жазылып, сілтемені достарыңызға таратсаңыздар болады.

Біз пайдалы ақпараттар, қызықты видеолар, жаңалықтармен және лайфхактар жариялап тұруға уәде береміз. Дәл қазір баспасөз қызметі ҰБТ кезінде түлектерге пайдалы болатын нұсқаулықтар әзірлеп жатыр. Сіздерге арналған және өздеріңіз туралы ақпараттарды жариялап отырамыз.

Қазірдің өзінде министрліктің Facebook, Telegram, Instagram және Youtube сияқты әлеуметтік желілерде парақшалары бар.

Министрлік әлеуметтік желілердегі парақшаларында білім және ғылым саласындағы жаңалықтарын жиі жариялап тұруға тырысады. Аппарат жиналысын тікелей эфирде өткізіп, спикерлермен бірге сіздердің сұрақтарыңызға жауап береміз, одан бөлек, талантты ұстаздар, профессорлар, ғалымдар мен олардың ғылыми жетістіктері, министрлік өткізетін байқаулар мен іс-шаралар туралы айтамыз. Оқырмандарымыздың жаңалықтардан хабардар болып, сұрақтарына жауап алуы үшін мүмкіндігінше жаңа айдарлар ашамыз»,-делінген министрліктің хабарламасында.

 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here