1 C
Нур-Султан
07.10.2022

Колледж студенттері шетелдерде тәжірибеден өтіп жүр

Шығыс Қазақстан облысындағы Геологиялық барлау колледжі қазақ­стандық, сондай-ақ шетелдік гео­логия­лық барлау компанияларымен әріп­тестік орнатқан. Соның нәтижесінде, оқу орнының жүздеген студенті мен түлегі Қазақстанда ғана емес, Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД, тіпті Африка елдерінде жұмыс істеп, өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр.

Білім және ғылым министрлігінің мәлім­деуінше, Геологиялық барлау колледжі­нің түлектері жұмысқа орналастыру деңгейі 96%-ды құрайды. Мұндай нәтиже оқу орнындағы жүйелі жұмыстың жемісі іспетті. Себебі атал­ған колледжде Кәсіптік бағдар беру, жұмыс­қа орналастыру және мониторинг бөлімі жұ­мыс істейді. ТжКБ ұйымдарының жұмыс беру­шілермен қол жеткізген келісімдерінің нәти­жесінде түлектер жұмысқа орналастырылды, ал колледж студенттері елімізде және шетелде еңбегі төленетін практикадан өтеді. Жыл сайын колледжге Қазақстанның барлық өңірінен екі жүзден аса талапкер оқуға түседі.

Геологиялық барлау колледжінің директоры Ардақ Әділжанов: «Колледж өз студенттерінің тәжірибеден өтіп, одан әрі сол жерде жұмыс істеуі үшін ірі компаниялармен байланыс орнатады. Бүгінгі таңда 250-ден аса гео­логиялық кәсіпорын біздің тұрақты серік­тес­терімізге айналған және ұйымдар арасында практиканттар мен жас мамандарға деген сұраныс өте жоғары. Тәжірибеден өтушілердің 90%-ы жалақы алады. Шетелдік қызметкерлерді қазақстандық мамандармен кезең-кезеңмен ауыстыруды көздейтін Кадр­ларды ұлттандыру бағдарламасына сәйкес, колледж ел аумағында жұмыс істейтін халық­аралық компаниялармен ынтымақтастық орнатып отыр», дейді.

Колледж серіктестерінің қатарында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақмыс», KazMinerals, Aurora Minerals Group, Rio Tinto, Schlumberger, «Казцинк» және басқа да кәсіпорындар бар.

Тағы бір ескеретін дүние, аталған оқу орны жұмысқа орналасқаннан кейін де колледж түлектерімен байланыста болады. Бұл кәсіпорын жабылған немесе кадрлар қысқарған жағдайда колледж студенттерін одан әрі жұмысқа орналастыру үшін қажет.

Колледж әкімшілігінің ақпаратына сүйенсек, 90 жылдық тарихында кәсіптік білім беретін оқу орны 18 мың білікті орта буын геолог мамандарын даярлап шығарған. Көптеген түлек ірі компаниялардың, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты ұйымдардың басшылық лауазымдарында қызмет етіп жатыр.

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...