-18 C
Нур-Султан
07.12.2023

Атыраулық оқушылар қар мен тозаңды тазалайтын робот құрастырды

Атыраулық оқушылар бірнеше робот құрастырды. Оның ішінде қар мен тозаңды тазалайтын робот пен адам миына түсетін күшті анықтайтын датчик бар.

Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары құрастырған тазалау роботының жұмыс істеуіне арналған бағдарлама жасауға мұғалімі көмектескен.

«Біздің мақсатымыз – қымбат емес күн батареяларын тазалайтын автоматты жүйе жасау. Күн батареясының панелінде жиналып қалған қар мен шаң тозаңды тазарту үшін роботтың айналып тұратын щеткасы бар. Роботтың кішігірім күн панельдері арқылы қуат жинайтын батареясы болады», -дейді зияткерлік мектеп мұғалімі John Paul Bejerano.

Күн сәулесі панельдерін тазарту және олардың тазалау механизмін жаңарту үшін арнайы құрылғы жасаған оқушының бірі – Абылай Амангелдіұлы.

Ол осы уақытқа дейін бірнеше құрылғы ойлап тапқан.

Бұдан бұрын «Ковид трекер» деп аталатын бағдарлама құрастырған едім. Бұл бағдарлама арқылы коронавирусқа байланысты ақпаратты табуға болады.

Ал, «Білім ал» атты бағдарламасына қазақ тілін үйренуге арналған. Алдағы уақытта жас бағдарламашыларға арналған бағдарлама ашуды ойластырып жүрмін», -дейді Абылай Амангелдіұлы.

Мектеп оқушылары мидың бөліктері мен функцияларын зерттеген. Нәтижесінде контузияны емдейтін тренажердің әсер ету күшін төмендететін модельдік миға арналған қорғаныс қалпағын жасаған.

Қорғаныс қалпағы спортпен шұғылдану кезінде оның құлауына жол бермейтін технологиямен жабдықтауға бағытталып отыр. «Макетімізде 5 сенсор болады. Бұл мидың 5 бөлігіне арналған. Әр датчик мидың әр бөлігіне түсетін күшті есептейді», -дейді 10-сынып оқушысы Айсұлтан Жұмабай.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...