17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Қазақстандық 40 оқушы Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының жеңімпазы атанды

Қазақстандық 40 оқушы Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды. Еліміздің ұлттық құрамасының қоржынында 5 алтын, 13 күміс және 22қола медаль бар.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай және Қарағанды қалаларының оқушылары алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар олимпиадада Ақтау, Атырау, Қызылорда және Павлодар мектептерінің оқушылары да үздіктердің қатарынан көрінді.

Олимпиада жеңімпаздары халықаралық IMO олимпиадасына қатысу үшін Қазақстан құрамасына кіру мүмкіндігіне ие болады. Зияткерлік сайысқа әлемнің 38 елінен жүздеген мектеп оқушысы қатысты.

Олардың қатарында Жапония, Аустралия, Канада, Сингапур, АҚШ, Аргентина, Гонконг, Индонезия, Малайзия, Мексика, Катар, Корея, Түркия және т.б. елдер бар.

«Биыл халықаралық олимпиада офлайн форматта өтті. Қазақстан атынан еліміздің түкпір-түкпірінен 131 оқушы қатысты. Биыл біздің оқушылар үздік нәтиже көрсеткенін айта кеткен жөн. Мысалы, былтыр қазақстандық оқушылар 3 алтын алса, биыл олардың саны 5-ке жетті.

Азия-Тынық мұхиты елдерінің математикалық олимпиадасындағы жеңісі оқушыларымызға ұлттық құрама қатарына қосылып, IMO-да республика намысын қорғауға мүмкіндік береді.

Балалар Қазақстанды халықаралық аренада лайықты таныта алуы үшін біз ел ішінде түрлі деңгейде олимпиадалар өткіземіз. Олимпиадада жеңістер әділ және адал болуы үшін оны электронды форматқа ауыстырдық, одан бөлек камералар сатып алдық. Былтыр оқушыларымыз ірі халықаралық олимпиадаларда рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, ел қоржынына 26 медаль әкелді», — деп атап өтті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

Айта кетейік, Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы жарысқа қатысушылар елінің аумағында офлайн форматта өтті.

Сондай-ақ оқушылар халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру комитетінен бір уақытта тапсырмалар алды.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...