18 C
Нур-Султан
13.08.2022

Алғаш рет колледждер мен университеттер студенттері арасында IT байқау өткізіледі

ҚР БҒМ алғаш рет колледждер мен университеттер студенттері арасында IT байқау өткізеді:
жеңімпаздар 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін алады

Білім және ғылым министрлігі алғаш рет қатысуға ниет білдірген студенттер мен бағдарламашылар арасында «BILIM Hackathon-2022» IT байқауын өткізеді. Жеңімпаздар 1,5 миллион теңге алады. Екінші орынның жүлде қоры 1 000 000 теңгені, үшінші орын үшін 500 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздар, яғни студенттер марапаттардан бөлек, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, қазылар алқасының құрамына белгілі IT-компаниялардың өкілдері кіреді және үздік қатысушылар жұмысқа шақыру алады.

IT сайыс 26-27 наурызда Astana IT University базасында офлайн форматта өтеді.

Бұл байқау білім мен ғылым саласында жаңа IT жобаларды жасауға бастамашылық ету, сондай-ақ қазіргі және болашақ IT мамандарды ынталандыру мақсатында өткізіледі.

«Елімізде түрлі IT жобаларды әзірлейтін дарынды жастар көп. Оларды байқауға қатысуға шақырамыз. Сайысқа университет және колледж студенттері, одан бөлек, басқа да бағдарламашылар қатыса алады. Әр оқу орнынан бір командаға қатысуға рұқсат етіледі. Хакатонға қатысу үшін өтінімдерді monhackathon@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады. Өтінімге команданың атауын, қатысушылардың аты-жөнін және ұйымның атауын көрсету қажет», — деп айтты Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.

Сайысқа қатысушыларға түрлі тапсырмалар беріледі. Мысалы, еркін тақырыпта да, берілген тақырып бойынша да білім беру саласындағы цифрлық шешімдер бойынша жоба дайындау.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Атырау облысында мектеп тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

Атырау облысында жаңа оқу жылында үш мектеп ашылады. Биыл тағы бес мектептің құрылысы басталады. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, жаңа оқу...

Жетісайда бір мектептің барлық түлегі мемлекеттік грантқа ие болды

Түркістан облысы, Жетісай ауданы Б. Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды. Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Момышұлы мектеп...

Баласын мектепке киіндіруге қаржылай көмек алған ата-аналар чек көрсетіп, есеп беруге тиіс

«Жалпыға міндетті білім беру» қоры қаржысын мақсатсыз жұмсаған ата-ана жауапқа тартылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев...

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Оның атап...