20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Президенттің қыркүйектегі Жолдауындағы тапсырмалар қалай орындалып жатыр?

Қыркүйек айында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім және ғылым саласына қатысты бірқатар тапсырма берген болатын.
Ертеңгі Жолдау қарсаңында бүгінгі күнге дейін қандай жұмыстар атқарылғанына тоқталғым келеді.
1. Ғылым. Ғалымдар ғылыми гранттар мерзімін ұлғайту, іргелі зерттеулерді тікелей қаржыландыруды енгізу және жұмыс істеп жатқан жетекші ғалымдарға еңбекақы төлеу үшін базалық қаржыландыруды кеңейту мәселесін 10 жылға жуық уақыттан бері көтеріп келе жатыр десем артық айтқаным болмас.
Бұл мәселелердің шешімі Президенттің қыркүйектегі Жолдауында толық көрініс тапты.
Көрсетілген қолдаудың арқасында біз заң жобасына бастамашылық жасадық және Парламенттің қолдауымен бұл заң 2021 жылғы қарашада қабылданды.
Енді 2 500-ге жуық ғалым ғылыми зерттеулеріне тұрақты қаржы, яғни, тұрақты жалақы алады. Бұдан былай гранттардың мерзімі 3 жыл емес, ғалымдар ұсынғандай 5 жылды құрайды. ҰҒК (Ұлттық ғылыми кеңес) шешімдерінің апелляция институты енгізілді.
Тікелей қаржыландыру арқылы іргелі зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми-зерттеу институты біржолғы гранттардың нәтижелеріне қарамастан қаржыландырылады.
Олардың қатарында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих институты, әдебиет және өнер, философия, саясаттану институты сияқты басқа да мекемелер бар. Енді олар тұрақты түрде қаржыландырылады. Соған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, ғалымдар тұрақты еңбекақы алады.
2. Былтыр мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларда рекордтық медаль жеңіп алды. Президент дарынды балаларды қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды.
Министрлік халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ олардың тәлімгерлері біржолғы қаржылай сыйлық алуын қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізді.
Сонымен қатар халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері мен әлемдік спорттық және шығармашылық байқаулардың жүлдегерлеріне ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарында тегін білім алу құқығы беріледі. Қазіргі күні осындай нормаларды көздейтін заң жобасын Парламент Мәжілісі қабылдады.
Халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары 4,4 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлық алады деп жоспарланып отыр:
— алтын медаль үшін – 1 500 АЕК,
— күміс медаль үшін – 1 000 АЕК (2,9 млн теңге),
— қола медаль үшін – 500 АЕК.
3. ЖОО-лар үшін лицензиялардың мерзімін белгілеу.
Бүгінгі таңда Парламент Мәжілісі қабылдаған заң жобасына өзгерістер енгізілді. Жоғары оқу орындары 5 жылға жарамды лицензиялар алады деп жоспарланып отыр.
4. Уәкілетті органға сотпен тең дәрежеде сапасыз және заң бұзушылықтарға байланысты лицензияларды кері қайтарып алу құқығын беруге қатысты заң жобасын Парламент Мәжілісі қабылдады. Бірақ университеттерде қабылданған шешім бойынша сотқа шағымдану құқығы болады.
5. Колледждерге академиялық еркіндік беру туралы тапсырма берілді. Заң жобасын Мәжіліс қабылдады. Енді колледждердің білім беру бағдарламалары бұрынғыдай министрлік бекіткен үлгілік жоспарлар мен бағдарламалар бойынша емес, кәсіптік стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптары негізінде жасалады. Әрине, бұл ЖБП циклін қоспағанда. Бұл – кадрлар даярлау сапасын арттыруға бағытталған маңызды реформа.
6. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының шарттарын өзгерту туралы тапсырма.
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бұрынғыдай 5 жылда бір рет емес, 3 жылда бір рет өткізіледі деп жоспарланып отыр. Заң жобасын Мәжіліс мақұлдады.
Мұндай шешім — педагогтердің біліктілігін үздіксіз арттырудағы әлемдік үрдіске қадам. Финляндия мен Сингапурда мұғалімдерден жыл сайын, Гонконг пен Ресей Федерациясында кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттыру талап етіледі.
7. 2025 жылға қарай 1 000 мектеп салу.
Біздің алдымызда жыл сайын кемінде 200 мектеп ашу міндеті тұр. 2021 жылы 270 мектеп ашылды. Биыл кемінде 200 мектеп ашу жоспарда бар. Құрылысты қаржыландыру және құрылыстың өзі әкімдіктердің құзырында екенін атап өткім келеді. Біз тиісті құқықтық базаны құрдық және жан басына шаққандағы қаржыландыру және мемлекеттік тапсырысты орналастыру жүйесін дамыту арқылы жеке инвесторлардың ресурстарын белсенді түрде тарттық. Біз үш ауысымды және оқушы орындарының тапшылығын жойып қана қоймай, сонымен қатар бір ауысымдық оқытуға көшуге тырысуымыз керек.
8. Кәсіптік бағдар беру.
Бұл бағытта «Атамекен» ҰКП және басқа да мүдделі тараптармен бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр.
9. Колледждерде тегін білім алуға гранттар санын көбейту. Биыл былтырмен салыстырғанда 20 мың грант артық бөлінеді.
10. 2022 жылы мектеп, балабақша, колледж мұғалімдерінің жалақысын көтеру.
Президент Қ.К. Тоқаевтың осы тапсырмасы аясында республикалық бюджетке қосымша қаражат салынды.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектеп және колледж мұғалімдерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы 25%-ға өсті.
Мемлекет басшысының осы және басқа да тапсырмалары бойынша біз қажетті жұмысты жалғастырамыз.

Асхат Аймағамбетов
ҚР білім және ғылым министрі 

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Тамаша! Президентіміз білім саласын қолға алғаны — ұлт келешегін ойлағаны! 30 жылдан бері осындай бастамалар дер кезінде орындалып отырғанда еліміз әлдеқашан дамыған елдер қатарына қосылар еді! Білім Министрі А.Аймағамбетов осы саланы баскарғалы бері жағымды жаңалықтар көбейіп келеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, білім саласын жан-жақтап қолдап дұрыс жолға салмай мемлекетіміздің, халқымыздың дамуы екіталай. Тамаша бастамалар жетістіктері, еліміздің болашағы жастарды алға жетелейтін құтты қадамдары бола берсін!

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...