14.05.2024

Қазақстанда 5 қыркүйекті студенттер күні етіп бекіту ұсынылды

«ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанда студенттер күнін бекітуді ұсынамын. 5 қыркүйек ұлт ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сондықтан осы датаны студенттер күні етіп бекітуді ұсынамын. Тек қана бекітіп қана қоймай, сол күні студенттерге атақты ғалымдар дәріс оқысын. Өз басым ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні лайықты деп есептеймін», — деді Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ректоры Ерлан Сыдықов.

Сондай-ақ, ректор студенттерге арналған «Тәлімгер» ұлттық бағдарламасын жасауды ұсынды.

«Аталған бағдарлама аясында студенттерге арналған көрнекті мамандар, ғалымдар және спорт шеберлерінің қатысуымен біліктілік курстары ұйымдастырылса. Одан бөлек, студенттер ұйымдарының ребрендингі және студенттер одағын құру мәселесін қарастыруды сұраймын. Одақ аясында жастарға қолдауға арналған түрлі жобалар қолға алынуы тиіс. Сол сияқты студенттердің өзін өзі басқару шарасын да қайта қарастырған жөн. Министр өз сөзінді өзін өзі басқару мәселесін жиі көтеріп келеді», — дейді ол.

Айта кетсек, бүгін елордадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде республикалық ректорлар кеңесінің отырысы өтті.

Аталған жиында «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес отандық жоғары білім берудің сапасын одан әрі көтеру мәселелері қаралды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА