-22 C
Нур-Султан
28.11.2022

Ералы Тоғжанов ғылымды дамыту жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің, салалық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Вице-премьер ғылымның өндіріспен өзара байланысының маңызды рөлін, халықтың еңбек табысын өсірудегі ғылымның үлкен әлеуетін атап өтті.

Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жобасында 1700 жаңа жұмыс орнын құра отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландырудың 200-ге жуық жобасын іске асыру көзделген.

Е. Тоғжанов халықтың еңбек табысын арттыруға ғылымның үлесін күшейту жөніндегі шараларды қосымша пысықтауды тапсырды. Кеңесте ғалымдарды қолдау, ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту, ғылым, өндіріс пен бизнестің өзара іс-қимылын кеңейту жөніндегі нақты шараларды қамтитын ғылымды дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі техникалық ғылымдарды, инжиниринг пен технологияларды дамытуға баса назар аудара отырып, 951 перспективалы ғылыми әзірлемелердің тізімін таныстырды. Бұдан басқа, салалық мемлекеттік органдар жанынан ғылыми-техникалық кеңестер құру арқылы жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ-ға аударымдарын бөлу тетігі қаралды.

Кеңеске қатысушылардың ұсыныстарын тыңдаған Премьер-Министрдің орынбасары зерттеулердің өндірістік ғылымға әсерін күшейту, халықаралық технологиялық компанияларда қызмет ететін жетекші ғалым отандастарды тарту, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің үлесін арттыру, экономика мен әлеуметтік саланың нақты міндеттерін шешу үшін ғылыми институттардың, кәсіпорындардың зертханалық жабдықтарды бірлесіп пайдалануы бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...