27.07.2024

Ақмола облысында 495 орта мектеп жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталған

Ақмола облысында білім берудің заманауи үрдістерін ескере отырып, мектептердің оқу-материалдық базасын жаңартуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Қазір көптеген оқу орындары, соның ішінде ауыл мектептері білім деңгейін әлемдік стандарттарға жақындатуға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтің айтуынша, облыс мектептерін жаңа модификация кабинеттерімен жабдықтау 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

«Бүгінде 495 орта және негізгі мектептің 396-сы жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталған. Бұл шамамен 1094 кабинет, оның ішінде физика – 276, химия – 220, биология – 230, ЖМК және STEM – 368. Жабдықты жеткізуді АҚШ, Англия, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Польша, Чехия, Ресей, Қазақстан, Қытай, Испания және басқа елдердің өндірушілерімен ынтымақтасқан қазақстандық ірі фирмалар жүзеге асырады», – деді ведомство басшысы.

Оқу кабинеттерінің жиынтығына ақмолалық мұғалімдерге оқу процесін қызықты өткізуге мүмкіндік беретін арнайы жиһаз, демонстрациялық және зертханалық аспаптар, ққытудың техникалық құралдары, мультимедиялық бағдарламалар, интерактивті жабдықтар кіреді.

 

Өткен жылы интерактивті кабинеттер саны тағы 105-ке артты. Оның 72-сі облыс орталығында орнатылған. Бұлар химия, география, информатика, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, сондай-ақ 3Д модельдеу, робототехника, алғашқы әскер дайындық, технология (ұлдар мен қыздарға арналған), бастауыш сыныптар, спорт залдары және инклюзивті сыныптар.

Айта кетейік, биыл өңірде 58 физика, химия, биология және STEM кабинеттерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пәндік кабинеттердің үлесі 83 пайызды құрайды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА