23.05.2024

Білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Атырау облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

Осы кезге дейін басқарма басшысының лауазымын тарих ғылымдарының кандидаты Сатқан Есенғалиев атқарып келді. Енді ол зейнеткерлік жасқа толуына байланысты облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды.

Ол білім саласындағы басшылық қызметке 2008 жылы келген. 2008-2009 жылдары – Атырау қалалық білім бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары – Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Атырау облыстық департаментінің басшысы болған.

2011-2013 жылдары – облыстық білім басқармасын, 2013-2014 жылдары – Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің облыстық департаментін басқарған. 2014 жылдан 2017 жылға дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің облыстық департаментінің басшысы болып жұмыс істеген. 2017-2020 жылдары Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің облыстық департаментінің басшысы лауазымын атқарған.

Ал, 2020 жылғы 11 тамызда облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА