17 C
Нур-Султан
09.06.2023

КАЗГЮУ студенттері Philip C. Jessup International Law Moot Court Competition 2022 ұлттық раунд жеңімпаз болып танылды

АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей, Украина және Өзбекстан төрешілерінің шешімі бойынша КАЗГЮУ командасы ойындардың жеңімпазы атанды, ал КАЗГЮУ студенті Магай Мисон Үздік спикер деп танылды.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУстуденттік командасы Philip C. Jessup International Law Moot Court Competition 2022 ұлттық раундтарында жеңіске жетіп, Қазақстанды халықаралық раундтарда таныстыру құқығына ие болды.

Биылғы жылы Philip C. Jessup International Law Students Association турнирінің (Вашингтон, АҚШ) әкімшісі Ташкент қаласында (Өзбекстан) Орталық Азия елдерінің ұлттық раундтарын ұйымдастырды.

Қазақстанда дәстүрлі түрде Халықаралық раундтарға қатысу құқығы үшін халықаралық заңгерлерді даярлау саласында көшбасшы болып табылатын M.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті мен КИМЭП университетінің командалары күреседі.

Енді қазақстандық команда турнирдің халықаралық раундтарында өнер көрсететін болады. Еске салсақ, M.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті 20 жылдан астам уақыт бойы табысты өнер көрсетіп, екі рет әлемнің үздік 50 командасының қатарына енді.
Бүгінгі студенттік команда құрамында Абдрахманова Эльмира Амангелдіқызы, Бахыт Аружан Айдарқызы, Қамбеков Заңғар Бақытбекұлы, Магай Мисон Николаевна, Фазылжан Әділ Әлімұлы.
Бапкерлер: Senior Lecturer Көкжалов Рамазан Абайұлы, Senior Lecturer Беркали Мадина Маратқызы.

Philip C. Jessup International Law Moot Court Competition – халықаралық құқық бойынша беделді байқау, оған жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ден астам команда қатысады (2022 жылы-760 команда). Байқауға ұлттық және халықаралық раундтардан тұрады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...