23.05.2024

Қарағанды техникалық университетіне академик Әбілқас Сағыновтың есімі берілді

Қарағанды техникалық университетіне Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша академик Әбілқас Сағыновтың есімі берілді. Әбілқас Сағынұлы Қарағанды тау-кен институтын, кейін политехникалық институтты 30 жылдан астам (1955-1988 жылдар) басқарды. Ол университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын, материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлауға зор үлес қосты. Қазақстандағы тау-кен ғылымы мен тау-кен өнеркәсібін дамыуда академиктің еңбегі мол.

Әбілқас Сағыновтың жетекшілігімен пайдалы қазбалар кен орындарын игеру технологиясы бойынша әлем мойындаған беделді ғылыми мектеп құрылды. Оның зерттеулерінің нәтижелері бүгінгі күнге дейін тәжірибеде кеңінен қолданылады. Әбілқас Сағыновқа ерен еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Екі мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Қарағанды техникалық университетіне академик Әбілқас Сағыновтың есімін беру – бұл оның отандық ғылым мен білім саласындағы сіңірген еңбегінің мойындалуы болып табылады. Бүгінгі таңда Қарағанды техникалық университеті еліміздегі ең ірі техникалық университеттердің бірі болып саналады және университеттердің беделді әлемдік – QS World University Ranking рейтингісіне кіреді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА