23.05.2024

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АЙБАТ ІЛИЯСОВ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Меритократия қағидаты бойынша Айбат Ілиясов Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.

Министрдің жаңа орынбасары цифрландыру саласына жетекшілік ететін болады. Ол 1982 жылы 11 қазанда дүниеге келген. «Есептеу техникасының және автоматтандырылған жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

2006 жылдан 2007 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аға инженер-электорнигі, бас маманы болып қызмет еткен.

2008 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Ақпараттандыру және байланыс агентінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК бас маманы болған.

2009 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Жоғарғы сотының (ҚР Жоғарғы сотының аппараты) жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, ҚР Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

2013 жылғы наурыз айынан 2022 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры қызметін атқарған.

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Еңбек өтілін бірден бас маман болудан бастағына қарағанда , ұсвныстармен барған секілді . Бакалаврды бітіре салып бас маман болу қалай өтті екен? Юстиция саласында біраз жасаған екен сол саланы жетіліре бергені тмімдірек ьолмас па еді? Бізде ана шеттен мына шетке секіру әдетке айналған ғой. Өзгеру қиын шығар…

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА