28.04.2024

Білім және ғылым министрлігі Binom school мектебінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаевтың бастамасын қолдамады

Білім және ғылым министрлігі Binom school мектебінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаевтың Қазақстан мектептерінде оқу жылын ұзарту жайлы бастамасын қолдамады. Рахымбаев бұған дейін оқу жылын 34 аптадан 38 аптаға дейін созуды ұсынған.

Білім және ғылым министрлігі мектептерге жазғы демалыс мерзімін қысқартуға кеңес бермейді. Ведомствода барлық білім беру мекемелерінің мемлекеттік стандартты сақтау қажет екенін мәлімдеді.

«Барлық білім беру ұйымдары меншік формасына қарамастан жалпыміндетті стандартты сақтауға міндетті. Жаңа жобаны қоспай тұрып дәлелдемелермен бекіген және алдын ала талқыға түсуі керек», — делінген министрлік хабарламасында.

Министрлікте мұндай шешімді сәйкес зерттеулерден кейін ғана қабылдау керегін қосып өтті.

2021 жылы педагогтардың тамыздағы конференциясында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясына тиімді оқу мерзімі мен жүктемені азайтуға бағытталған зерттеу жүргізу тапсырылған. Зерттеудің қашан аяқталатыны белгісіз.

Бұған дейін Binom school мектебінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаев оқу жылын ұзарту жайлы министрлікпен келісімнің бар екенін айтқан еді. Binom мектептері аталмыш бастаманы қолданып пилоттық жобаны іске қосатынын мәлімдеген.

Рахымбаевтың сөзінше, премьер-министр де бұл бастаманы қолдап, мектептерге жаңашылдық енгізу қажет екенін айтқан.

-ЖАРНАМА-spot_img

2 КОММЕНТАРИИ

  1. Ұлтай Зікірқызы п.ғк. “Болашақ” стипендианты, ҚР “Үздік оқытушысы” Ұлтай Зікірқызы п.ғк. “Болашақ” стипендианты, ҚР “Үздік оқытушысы”

    1. Ұзарту мақсаты не?2. Мектеп пен бала сынақ айлағы емес. 3. Оңтүстікте маусым айында 40-45 градус қа дейін ыстық болады . Бала түгілі ересек адамдардың миы қайнайды . Соңғы жылдары аномальды ыстық 55-60 градусқа дейін көтеріліп жүр. 4 . Сыртқы температура 25 градусқа көтерілгенде адамның жұмыс істеу қабілеті 2 есе төмендейді. Бұл физиологиялық ерекшеліктерді Кссро дәлелдеп қойған. Сондықтан нао ға қосымша шығын жасап басқатырудың түк қажеті жоқ. 5. Кейбір шет елдермен салыстырудың қажеті жоқ. Себебі олардың 1 сыныбында 15-20 бала кондициоенермен жабдықталған кабинеттерде оқиды. Бізде бастауыштарда 35-40, негізгі мектептерде 30-35, орта мектепте25-30 бала оқиды.6. Уақытты созу мақсаты сапа болса, мектепті 3 бейінге бөлу керек 1физмат. хим-биология, гум бағыт сонда жүктемелер бойынша үлкен өзгерістер болады. 7. Саны бар да сапасы жоқ, өлшенбейтін пәндерден арылту керек мектепті. 8. Қыста жыды, жазда салқын кабинетте отырып балаға эксперимент жасауды доғару керек!!! Сапа қажет болса бағдарламалар мен оқулықтарды жөндеу керек . Мен оқулықтар сапасын арттыруға көмектесуге дайынмын.

  2. Ұлтай Зікірқызы п.ғк. “Болашақ” стипендианты, ҚР “Үздік оқытушысы” Ұлтай Зікірқызы п.ғк. “Болашақ” стипендианты, ҚР “Үздік оқытушысы”

    1. Уақытты ұзарту мақсаты не? 2. Мектеп пен бала сынақ айлағы емес. 3. Оңтүстікте маусым айында 35-40 *С-қа дейін ыстық болады. Бұл кезде бала түгілі ересек адамның миы қайнайды. Соңғы жылдары аномальды ыстық 55-60*С-қа дейін болып жүр. Адам баласының жұмыс істеу қабілеті 2 есе төмендейтінін КСРО физологтары дәлелдеп қойған. Сондықтан ҰБА қосымша уақыт қаржы жұмсап белгілі мәселені дәлелдеудің қажеті жоқ. 4. Кейбір шет елдердің тәжірибесін енгізу шешім емес, себебі 1 сыныпта 15-20 бала оқиды, кондиционермен жабдықталған кабинеттерде. Бізде бастауышта 35-40, негізгі , орта мектепте25-30 оқиды. 5. Ұзарту мақсаты сапа болса, алдымен бағдарламалар мен оқулықтарды жөндеу керек. 6. Толып жатқан саны бар өлшемі жоқ пәндерден арылту керек. 7.ҰБА на өзгерістер керек. Оқулықтар сапасын жақсарту бағытында жұмыс жасауға, көмектесуге дайынмын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА