Home Жаңалық Мемлекет басшысы жуық арада Назарбаев Университетіне баруға ниетті

Мемлекет басшысы жуық арада Назарбаев Университетіне баруға ниетті

0
Мемлекет басшысы жуық арада Назарбаев Университетіне баруға ниетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады.

Мемлекет басшысына Назарбаев Университетінің қазіргі жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары баяндалды.

Әңгімелесу барысында білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективаларына, түрлі саладағы жаңа технологиялар мен инновацияларды әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Шигео Катсудың айтуынша, Университет Қазақстандағы жоғары білім беру ісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосуға дайын. Оқу орнының қызметі ұлттық экономика мен еліміздегі әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған.

Мемлекет басшысы жуық арада Назарбаев Университетіне баруға ниетті екенін айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шигео Катсуды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жоғары біліктілігі мен Қазақстанның білім беру саласындағы көпжылғы жемісті еңбегі үшін оған алғыс білдірді.

 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here