19 C
Нур-Султан
26.09.2022

Министр мектеп директорларына үстемеақы төлеу тәсілін түсіндірді

Мектеп директорлары 3 жыл сайын аттестациядан өтіп тұруға міндеттеліп отыр. Бұл сыннан жақсы нәтиже көрсеткен басшылар ай сайын айлығының 100 пайызы көлемінде үстемеақы алуы мүмкін. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Әуелі ол бір мектепке ұзақ уақыт бойы директор болу үрдісіне ресми түрде шектеу қойылғанын еске салды.

«Бір ұйымда ұзақ уақыт жұмыс істейтін мектеп директорлары үшін алғаш рет ротация жүйесі енгізілді. Енді олар бір ұйымда 7 жылдан артық басшы бола алмайды. Ротация басталды және жыл бойы жүргізілетін болады.

Сондай-ақ 2021 жылы білім беру ұйымдары директорлары құрамының сапасын жақсарту үшін нақты мерзімдер, критерийлер, тестілеуді енгізе отырып, лауазымға тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілді», — деп жазады Асхат Аймағамбетов.

Сонымен бірге, ол директорларға арналған біліктілік санаттары қалай іске асатынын түсіндірді.

«Олар өз жалақысынан 30%-дан 100%-ға дейін ай сайынғы үстемақы ала бастады. Бұл қалай жұмыс істейді? Әр 3 жыл сайын директор аттестациядан өтуге міндетті. Аттестаттау нәтижесі бойынша басшы санаттардың бірін алады, онымен бірге 3 жылға және ай сайынғы қомақты үстеме ақы (жалақының 30%-дан 100%-ға дейін) тағайындалады. Жұмыс тиімділігі өте төмен болған жағдайда басшы жұмыстан шығарылады», — деді Білім және ғылым министрі.

 

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Мектеп директорлар емес мұғалимдерге жұмысына сай үстем ақы төленуі керек қой. Мұғалімдерге ешқашан премия берілмейді.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

​Мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 515 автобус сатып алынады

Елімізде мектебі жоқ немесе бастауыш мектебі ғана бар ауылдардың балаларын жақын маңдағы білім беру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдау үшін 515 жаңа автобус сатып алынады. «Балаларды қауіпсіз...

Білім мәселелері бойынша 1450 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс...

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...