06.05.2024

Алтай Көлгінов биыл қанша мектеп салынатынын айтты

Елорда әкімі Алтай Көлгінов биыл 16 мектеп салынатынын айтты. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды.

Баланың білім алуға деген зейінін ашу үшін білім беру сапасын арттырып, оқуына барлық жағдай жасалып жатыр. Бәрімізге белгілі, мектеп – баланы тұлға ретінде қалыптастыратын орын.

Мектеп құрылысына жеке инвестициялар тартамыз. Инвесторлармен кездесіп, білім беру саласындағы жобаларды, яғни мектептер мен балабақшалардың құрылысын талқыладық. Инвесторларға қойылатын шарт – мектеп құрылысын белгіленген мерзімде бітіру.

Биыл 16 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 70-ке жуық мектеп салу жоспарланған. Оқу орындары барлық аудандарда, соның ішінде елді мекендерде салынып жатыр. Оқу орындарына қажеттілік бар аудандарға баса назар аударамыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша соңғы жылдары мектеп құрылысының көлемі айтарлықтай ұлғайды. Мысалы, 2019 жылы 6 мектеп салынса, 2020 жылы 11 мектеп салынды.

Өткен жылы 15 мектеп салдық. Бұл 40 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді. Жаңа мектептер есебінен үш ауысымды мектептер саны 5 оқу орнына қысқарды, сол сияқты 10 мектепте шамадан тыс жүктеме мәселесі шешілді, – деп жазды А.Көлгінов.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА