03.05.2024

95 адам ҰБТ тапсыруға жіберілмеді. Не үшін?

Тыйым салынған заттарды әкелген 95 адам Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға жіберілмеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуге жіберілмеген және нәтижелері жойылған тест тапсырушылардың жалпы саны – 95 адам. Оның ішінде тестілеуге кіргізу барысында әртүрлі тыйым салынған заттарды алып келгені үшін тестілеуге жіберілмегендер – 23 адам. Ал тест тапсыру барысында тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 72 талапкердің нәтижесі жойылды», — деді ол Білім министрлігінің аппарат жиналысында.

Оның дерегінше, пандемияға байланысты барлық санитарлық нормалар сақталған. Талапкерлер 42 тест тапсыру пунктінде 50 пайыз толымдылықпен ҰБТ тапсырып жатыр.

«Бір ғана талапкер дене қызуы жоғары болғандықтан тестілеуге жіберілмеді. Ол басқа уақытта тапсыратын болады. Мүмкіндігі шектеулі, ерекше білім беру қажеттілігі бар 29 талапкер тест тапсырды. Биыл оларға қосымша 40 минут уақыт және арнаулы орын белгіленген. Тест мазмұны да олардың ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген», — деді Руслан Емелбаев.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

6 КОММЕНТАРИИ

  1. Дұрыс, тәртіп сақталуы тиіс. Біліміне сенген оқушы ешқашан қосымша көмек пайдаланбайды. Баланы өмірге өзіне сенуге дағдыландыру қажет.

  2. Сэламатсызба Руслан Емелбаев мырза!сизге сурагым УБТ ‘да пэн бойынша сурактардын жанартылуы туралы.Жалпы биылгы тулектер барлык сыныпты жанартылган окулыктармен окыды.сондыктан барлык сурактар окушылардын окыган жэне тизимде бар окулыктан келу керек деп ойлаймын.Бирак базадагы бурынгы сурактар толык жанармаган сиякты.осыган тусиник берсениз.2-ден мектеп битируши тулектер ушин сынок китапшаларын сиздин орталыктан заказ берип алдыруга болама?рахмет

  3. Дұрыс талаптар орындалуы тиіс. Бiлiмiне сенген оқушылар тестен сурiнбей өтеді.

  4. Гайша есімді оқырман қойын отырған сұрақпен келісеміз. Жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылған балаға, ҰБТ сынағына сол бағдарлама аясында сұрақтар болу керек.

  5. Химия пәнінен тест тапсырған оқушылар металлардың кернеу қатары берілмеген, периодтық жүйеде топтар топшаға бөлінбеген, түстермен ажыратылмаған р, s d f элеметтер деп айтып отыр. ПЖ мен калькуляторды ашқанда тест бетінен шығып кету керек.Бір сөзбен айтқанда оқушыға ыңғайсыз, көп уақыт жоғалтады. осыны реттеу керек

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА