03.05.2024

Министр: «Алтын белгіге» үміткер түлектерге қойылатын талапты күшейтеміз»

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсы енгізілетінін айтты.

«Академиялық біліммен бірге оқушыларға өмірлік маңызы зор дағдыларды игертуге бағытталған «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсы ұсынылатын болады.

Президентіміз техникалық бағыттағы мамандықтарды дамыту бойынша тапсырма берді. Оны орындау үшін математикалық білімнің сапасын арттыру қажет. Ол үшін оқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдарды, оқулықтарды жаңартамыз, математиканы топтарға бөліп оқытуды қолға аламыз.

Балаларды еңбекке дайындау үшін ерте кәсіптік бағдарлауға баса назар аударылады, тиісті бағдарламаны өзгертіп, оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін жаңғыртамыз», — деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен бірге, ол орта білім берудің сапасын бағалау үшін қорытынды аттестаттау және бақылау қағидалары жетілдірілетінін айтты.

«Алтын белгіге» үміткерлерге қойылатын талаптар да күшейтіледі. Биылдан бастап білім беру сапасына сырттай бағалау толығымен еңгізіледі. Мемлекеттік аттестаттау рәсімі қайтарылып, профилактикалық бақылау түрінде балабақша, мектеп, колледж деңгейлері үшін өткізіледі. Заңға қажетті өзгерістер еңгізілді», — деді министр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Алтын белгі үміткерлерін НИШ мектебіне ауыстырып мыкты шет елдердің ұстаздары оқыту керек. Сол кезде нәтиже болады. Казір жылдам түрде өзгерістер жасау керек. Мысалы менің ұлым Әміралиев Темірлан Жұмашұлы Қызылорда НИШ де резервте 8 болып турды, ал директор орын жоқ деп дарынды ұлымды шакырмады. Ал біз білеміз НИШ мектебінде орташа оқитын окушылар бар екенін. Сіздерге өтініш ,казір менің ұлым 8 сыныпта оқиды, арманы НИШ тек оку. Менің ұлым Алтын белгіге үміткер. Білімді оқушыларға министр көмек беру керек деп ойлаймын.
    Көмек берем десеңіздер мен анасымын атым Бақыт , телефоным +7 777 453 05 69. Ұлымдікі +7 776 873 58 41.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА