27.05.2024

КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДА ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТ АШУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

Ташкент қаласында Жоғары және орта арнаулы білім министрінің орынбасары Рахимжон Хакимов пен М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевтың кездесуі өтті.

Кездесуде тараптар КАЗГЮУ мен Өзбекстанның заң университеттері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, ғылыми-инновациялық қызмет саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту перспективалары қарастырылды.

«Егер ынтымақтастық туралы айтатын болсақ, ғылыми-инновациялық қызметтегі өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу жалғасып келе жатқан серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге қызмет етер еді», – деді Р.Хакимов.

Келіссөздер барысында М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің қатысуымен Өзбекстанда жаңа жоғары оқу орнын құру мәселесі қаралды. Тараптар бұл бағытты жүзеге асыру мүмкіндіктерін жан-жақты талқылауға келісті.

«Біз өз тарапымыздан кез келген қолдауды көрсетуге дайынбыз. КАЗГЮУ университетінде ауқымды халықаралық жобаларды жүзеге асыру үшін ресурстар мен тәжірибе жеткілікті», – деді Т.Нәрікбаев.

Өз кезегінде өзбек тарапы академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілету арқылы білім сапасын арттыру мақсатында еліміздің жетекші университеттерін біріктіретін қазақстандық «Академиялық адалдық лигасын» құру тәжірибесін жоғары бағалады. Жақын арада Өзбекстанның қызығушылық танытқан жоғары оқу орындарының өкілдеріне осы ұйымға мүшеліктің артықшылықтары туралы біле алатын тренинг ұйымдастыру жоспарлануда.

Анықтама үшін: М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелері бойынша үздік қазақстандық университет болып табылады. Бұл рейтинг Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылатын жалғыз ресми рейтинг болып табылады.

 М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің
баспасөз қызметі

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА