27.07.2024

Ресейден ғылым үйренуге тұрарлық па? Статистикалық сараптама

Біздің түлектер “Болашақ” бағдарламасымен баратын Ресейдегі ең әйгілі университеттердің Әлемдік рейтингісі төмендегідей.
🎓«МИСиС» Ұлттық зерттеу техникалық университеті (National University of Science and Technology MISiS) Ресейде 22-орында, ал Әлемдік рейтингте 1319-орында;
🎓 Н.Е. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Bauman Moscow State Technical University) Ресейде 21-орында, ал Әлемдік рейтингте 1202-орында;
🎓 ИТМО Ұлттық зерттеу университеті (ITMO University) Ресейде 17-орында, ал Әлемдік рейтингте 983-орында;
🎓 «MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті (National Research Nuclear University) Ресейде 9-орында, Әлемде 613-орында;
🎓 Мәскеу физика-техникалық институты (Moscow Institute of Physics and Technology) Ресейде 8-орында, Әлемде 542-орында;
🎓 Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Saint Petersburg University) Ресейде 7-орында, Әлемде 538-орында;
🎓 М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Lomonosov Moscow State University) Ресейде 1-орында, Әлемде 194-орында тұрады екен.
Әлемде дамыған елдердің алдыңғы ТОП 200-ге енетін универлерінің саны.
Яғни қайсы елдің ғылым-техникасы мықты, қайсы елден үйренеміз деген сөз ғой.

🇺🇸АҚШ 72

🇬🇧Ұлы Британия 19

🇩🇪

Германия 13

🇨🇳Қытай 12

🇫🇷Франция 11

🇨🇦Канада 9

🇱🇺Нидерланд 8

🇦🇺Australia 7

🇨🇭Швецария 7

🇸🇪Швеция 6

🇮🇹Италия 4

🇰🇷О Корея 4

🇮🇱Израел 4

🇩🇰Denmark 3

🇧🇪Belgium 3

🇳🇴Норвегия 2

🇸🇬Singapore 2

🇧🇷Brazil 1

🇷🇺Ресей 1

Ал енді СКОПУС базасында 32 мың ғылыми журнал бар екен. Осы Әлемдегі ең мықты 32 мың ғылыми журналдан қайсы елде қаншасы бар екенін көрейік:
🇺🇸АҚШ 12410
🇬🇧Ұлы Британия 6568
🇱🇺Нидерланд 2031
🇩🇪Германия 1592
🇨🇭Швецария 721
🇨🇳Қытай 681
🇪🇸Испания 651
🇫🇷Франция 576
🇮🇳Индия 481
🇯🇵Жапония 453
🇷🇺Ресей 370
Осы ғылыми журналдар рейтингісінде Ресейдегі No1 ғылыми журнал “Eurasian Mining” журналы. Ал осы журнал Әлемдік рейтингте 3944-орында. Ресейдегі No2 ғылыми журнал “CIS Iron and Steel Review” журналы Әлемдік рейтингте 4693-орында. Ал осы журналдардың H-index бір қарап қойыңыз тағы.
Әлемдік рейтингте тіпті алдыңғы 1000-ға кіретін бір журналы жоқ елді, ғылымы дамыған деп айта аламыз ба?
Ғылымның деңгейін бағалайтын тағы бір көрсеткіш – әр елдердің ғылыми H-index-і.
Төменде Ресейдің ғылыми деңгейін басқа дамыған елдермен салыстырып көрейік:
      1. 🇺🇸АҚШ 2577
2. 🇬🇧Ұлы Британия 1618
3. 🇩🇪Германия 1429
4. 🇨🇦Канада 1299
5. 🇫🇷Франция 1286
6. 🇮🇱Италия 1135
7. 🇱🇺Нидерланд 1133
8. 🇯🇵Жапон 1118
9. 🇦🇺Аустралия 1113
10 🇨🇭Швецария 1085
11. 🇨🇳Қытай 1010
12. 🇪🇸Испан 1010
.
.
.
.
22.🇷🇺 Ресей 652
Бұдан тыс Ресейден жылына неше мың ғылыми адамдар шетел асып кетіп жатыр. Бұл Ресейдің ғылыми жағыдайын тіпті нашарлатып отыр. 2012 жылы – 14 мың, 2020 жылы 70 мың ғалым Ресейден шетелге кетіпті. Мәскеу мемлекеттік уни­ве­рситеті Халықаралық қатынастар орталығының жүр­гізген зерттеуі бойынша ғалым­дар­дың елден кетуіне айлықтың аздығы (76%), ғы­лыми жобаны іске асыру мүм­кін­дігінің жоқтығы (50%) себеп және бір бөлігі ұрпағының болашағы (35%) үшін елден кетеді екен.
Біз ғылыми адамдар саясатпен арласпаймыз, бірақ ғылымды да білмейтін адамдар саясатқа айналдырмау керек.
Жексенбек Тоқтарбайұлы
Химия ғалымдарының докторы (PhD)
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА