26.05.2024

Ресейдің кейбір университеттері «Болашақ» бойынша оқытатын ЖОО-лар тізіміне енді

Ресейдің жетекші техникалық университеттері «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын ЖОО-лар тізіміне енді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.

Осылайша, Білім және ғылым министрлігі Президенттің тапсырмасын орындау бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Тізімге барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген. Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімге ресейлік ЖОО-лардан Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, «MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты енді.

Сондай-ақ министрлік қазіргі уақытта «МИСиС» Ұлттық зерттеу техникалық университетін және ИТМО Ұлттық зерттеу университетін тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
«Болашақ» алдағы уақытта ауқымын басқа елдермен және университеттермен кеңейтеді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА