13 C
Нур-Султан
28.05.2022

Барлық бастауыш сынып оқушылары мектепке барып оқиды

ҚР Бас санитар дәрігерінің білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы қаулысы шықты.

Қаулы бойынша, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері мен ҚР Білім және ғылым министрлігі мынадай оқу форматын айқындауға міндеттелген:

1) мектепке дейінгі ұйымдар коронавирус матрицасы бойынша қандай түстегі аймақта болғанына қарамастан, ата-аналар өтініш бідлірсе, штаттық форматта жұмыс істей алады;

2) «қызыл» аймақтағы:

— жалпы білім беру мектептерінде 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) – штаттық форматта оқиды;

— 600 оқушыға дейінгі мектептер штаттық форматта;

— оқушы саны 600 оқушыдан көп мектептер жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта білім береді;

3) мектептен тыс ұйымдар «қызыл», «сары», «жасыл» аймақта да штаттық форматта жұмыс істейді;

4) «Қызыл» аймақтағы жоғары оқу орындарын мен колледждерде практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, ал дәріс онлайн форматта өтеді.

«Білім беру ұйымдарының әкімшісі вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол бере алады», — делінгген құжатта.

 

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп медицинасына биыл 26,1 млрд теңге қарастырылған

Қазақстанда мектеп оқушыларын профилактикалық тексеруден өткізуге және сауықтыруға 2022 жылға 26,1 млрд теңге қарастырылған. «2020 жылы мектеп медицинасы қаржыландырудың жеке бағытына шығарылды. Сол кезде оған...

Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады

Қиырдағы қандастарды елге әкелу – мемлекеттік мүдде тұрғысынан, соның ішінде демографиялық жағынан аса маңызды іс. Дегенмен қанша қаласа да атамекеніне орала алмай отырған қандастар...

«Болашақ» стипендиясына бір күнде 55 өтініш түскен

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдаудың алғашқы күнінде Egov.kz порталы арқылы 55 өтінім түскен. «Кеше «Болашақ» халықаралық стипендиясымен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және...

Елордада мұғалімдерге арналған саябақ ашылды

Нұр-Cұлтан әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдер мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. «Мұғалімдер оқушылардың қалыптасу жолында үлкен рөл атқарады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен мамандыққа деген құрметінің...

ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 21 ереже бұзушылық анықталып, нәтижелер жоққа шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның...