13 C
Нур-Султан
28.05.2022

«Назарбаев Университеті және Назарбаев Зияткерлік мектептері эндаумент қорларының қызметі жайлы» – А.Сәрінжіповпен сұхбат

Баспасөзде Назарбаев Қорының коммерциялық активтері туралы материалдардың пайда болуына байланысты қалың жұртшылықта сұрақтар туындауы мүмкін, оларға жауап алу үшін біз Қордың қазіргі төрағасы, ҚР бұрынғы Білім министрі және Назарбаев Университетінің алғашқы президенті А.Б. Сәрінжіповке тікелей жүгінуге шешім қабылдадық.

Сұрақ: Құрметті Аслан Бәкенұлы, баспасөздегі соңғы жарияланымдарға байланысты Назарбаев Қорының қызметі қандай, оның қызметінің бенефициары кім болып табылады және ол қаншалықты ашық деген сұрақтарға жауап бересіз бе?

Жауап: Рахмет, сұраққа жауапты соңынан бастайын – Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) ғана Назарбаев Қорының капиталынан, активтері мен кірістерінен жалғыз бенефициарлар болып табылады және бола алады, бұл осы білім беру мекемелерінің қызметі туралы ҚР арнайы Заңында жазылған. Қордың құрылтайшысын қоса алғанда, ешбір жеке тұлға, оның ішінде Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың өзі табыс ала алмайды және бұл коммерциялық емес ұйым ретіндегі Қордың жарғысында жазылған. Бұл ретте Назарбаев Қорының бүкіл қызметіне «үлкен төрттіктің» халықаралық танылған компанияларының бірі аудит жүргізеді.

Назарбаев Қорының не үшін құрылғанын және оның басқа қайырымдылық қорларынан (баспасөзде бір топқа жатқызылып және сол арқылы жұртшылық арасында сұрақтар туындатқан) айырмашылығы неде екенін түсіну үшін жаңа университет құру жобасының неден басталғанын еске салғым келеді. 2009 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасы бойынша ҚР Үкіметі Астананың жаңа университетін (кейіннен атауы Назарбаев Университеті деп өзгертілді) құруды шешті, осы университеттің  міндеті астанада жоғары халықаралық санаттағы жоғары оқу орнын ашу болды, кейінірек аталған университет менің қатысуыммен әлемдегі ең үздік 30-ға кіретін жетекші университеттермен әріптестікте  құрылды.

Бүгінгі таңда НУ-да 6 мыңға жуық студент білім алуда, 500-ден астам профессорлар мен оқытушылар жұмыс істейді, олардың 70% -ы шетелдік оқытушылар.

Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) 2009 жылы құрылды, арнайы әзірленген халықаралық бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Желі 22 мектептен тұрады, онда 16 мыңға жуық оқушы оқиды, 3 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді, олардың 4%-ы шетелдік мұғалімдер. Мектепті 15 мыңға жуық адам бітірді, менің ойымша, бұдан әрі НУ және НЗМ-ді жарнамалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын, өйткені олар ұлттық және халықаралық құрметке ие болды.

Сұрақ: Сонда Назарбаев Қорын құрудың мәні неде?

Жауап: Білім беруді қаржыландыру игі іс және мемлекеттің болашақ өркендеуінің негізі болып табылады, бірақ сапалы білім қаржы жағынан көп қаражатты талап етеді. Сондықтан әлемдік практикада неғұрлым табысты жоғары оқу орындары мен мектептерді қаржыландыру ішінара эндаумент қорлар деп аталатын, осы мақсаттар үшін арнайы құрылатын қорлар есебінен жүзеге асырылады. Әлемде Гарвард, Кембридж, Оксфорд, Стэнфорд, Техас және Йель университеттері, Принстон және Массачусетс технологиялық университеттерінде эндаумент қорлар табысты жұмыс істеуде. Ресейде – МХҚМИ, СПбМУ және т.б. бар. Жалпы, жоғары оқу орындарында жүздеген эндаумент қорлар жұмыс істейді. Америкалық университеттердің тәжірибесінде эндаументтерден түсетін түсімдер есебінен олардың бюджеттерінің шамамен 24-40% қалыптасады. Қазақстанда НУ және НЗМ-нен басқа Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚБТУ, КАЗГЮУ, Республикалық физика-математика мектебі, Алматы технологиялық университетінің, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының эндаумент қорлары жұмыс істейді.

2010 жылы үздік халықаралық білім беру эндаумент қорларының типі бойынша Қазақстанда алғашқылардың бірі болып құрылған Назарбаев Қорының (НҚ) мақсаты тартылған капиталды басқару есебінен мемлекеттік қаржыландыру қысқартылған жағдайда НУ және НЗМ қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету. ҚР Тұңғыш Президенті Қордың құрылтайшысы болып табылады,  жеке заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары есебінен НҚ капиталы шамамен 1 млрд. АҚШ долларын құрайды.  Алайда, Жарғыға сәйкес Тұңғыш Президент тұлғасындағы Қордың құрылтайшысы қамқоршылық кеңестердің құрамын тағайындау құқығымен ғана шектелген және оның пайда алушы бола алмайтынын тағы да атап өткім келеді. НУ мен НЗМ ғана пайда алушы бола алады.

Қабылданған инвестициялық саясатқа және әлемдік практикаға сәйкес Қордың активтері жоғары рейтингісі бар халықаралық қаржы құралдарына салынған. Инвестициялық табыс НУ-ды, негізінен оның ғылыми-зерттеу қызметін қаржыландыруға бағытталады (барлық уақытта НУ-ға шамамен 20 млрд.теңге бөлінді).

Барлық үш ұйымның қызметі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» ҚР Заңымен (2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV) реттеледі, аталған заң осы ұйымдардың құқықтық мәртебесін және құрылуы мен қызметінің ерекше құқықтық режимін айқындайды, дербестік мәртебесін береді, басқару органдарының өкілеттіктерін белгілейді.

Сұрақ: Назарбаев Қорының коммерциялық қызметі туралы көбірек айта аласыз ба?
Жауап: 2017 жылы Қазақстанның банк секторында проблемалар туындаған кезде НҚ басшылығы «Экспобанк» АҚ (бұрынғы ABN Amro Bank Kazakhstan) акцияларының 100%-ын сатып алған Рioneer Capital Invest (PCI) инвестициялық компаниясын және First Heartland Securities (FHS) холдингін құру туралы шешім қабылдады. Бұл Банктің алдыңғы Голландия акционерінен қалған жоғары кәсіби ұжымы болды және НУ, НЗМ және олардың еншілес ұйымдарына қызмет көрсете бастады және осы ұйымдар оған өздерінің қаржылық активтерін ауыстырды. Экспобанктің өзі бұдан әрі «First Heartland Bank» (FHB) болып өзгертілді.

2018 жылы ҚР Үкіметі барлық екінші деңгейлі банктерге, оның ішінде FHB-ға проблемалық Цеснабанкті сатып алуды ұсынды. Қолжетімді капитал Қордың өзінде ғана болғандықтан, PCI 200 млн. доллар сомасына НҚ қаражатынан капиталдандырылды және ҚР Үкіметімен, ҰБ және ҚР АФР-мен қол қойылған меморандум шеңберінде бұл қаражат «ЦеснаБанк» АҚ-ны сатып алуға және қосымша капиталдандыруға бағытталды. Жүргізілген орасан зор жұмыстың нәтижесінде проблемалық активтердің үлкен көлемі тазартылды, банк «бірқалыпты деңгейде» қалды және жұмыс істеуін жалғастырды, сөйтіп Jusan Bank болып атауын өзгертті.

Цеснаның нашар жағдайын сауықтырғаннан кейін Jusan Bank-тің табысты қызметін ескере отырып, 2020 жылы Үкімет пен ҚР Ұлттық Банкі проблемалық «АТФБанк» АҚ-ты сатып алу ұсынысымен бізге тағы да жүгінді, біз оны тағы да капиталдандырдық және «Jusan Bank» АҚ-ға қостық.

Қазіргі уақытта портфельдерді тазарту, қарыздарды қайта құрылымдау бойынша жұмыс жүргізілді, бұл тұтастай алғанда банктің және оның еншілес ұйымдарының қызметін қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Пайданы қайта бөлу есебінен Jusan Bank топ шеңберінде нарыққа жаңа өнімдерді шығарды, өзінің ауқымды экожүйесі мен маркетплейсін құрды және коммерциялық қызметті айтарлықтай жандандырды. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы  жағдай бойынша банктің жиынтық активтері 2.6 трлн. теңге, салымшылар саны 118 мың адам, клиенттер саны: 142 мың заңды тұлға және 880 мың жеке тұлғаны құрды.

Табысты коммерциялық қызметті ескере отырып, НҚ қаржы тобы және Jusan қазіргі уақытта НУ және НЗМ қаржыландыруды ұлғайтуды өзіне алуға мүмкіндігі бар және дайын, сол арқылы бюджет қаражатын мемлекеттің басқа да басым мақсаттарына жұмсайтын болады.

Сұрақ: Баспасөзде аталған Араб әмірліктерінің Group 42 холдингінің НҚ акционерлік құрылымына үлестік қатысуы туралы  айта аласыз ба?

Жауап: Group 42 бұл Абу-Даби үкіметіне тиесілі технологиялық холдинг және жасанды интеллект (ЖИ) және үлкен деректерді қолдана отырып, сандық банкинг шешімдерін әзірлеудегі көшбасшылардың бірі болып табылады. Осы компанияның НҚ-дағы үлесінің 3% -ын сату туралы шешім Jjusan тобының қаржылық қызметтерді цифрландыру жөніндегі қабылданған стратегиясы шеңберінде үздік ноу-хауды тарту мақсатында қабылданды. Осы стратегия шеңберінде біз «KazTransCom» АҚ тұлғасында басқа да телекоммукациялық активтерді және КСеll ұялы оператордының үлесін сатып алдық. Біздің 3% үлесіміздің бағасы «үлкен төрттіктегі» халықаралық аудиторлық компанияның тәуелсіз бағалауы негізінде қалыптасты және қажет болған жағдайда ұсынылуы мүмкін.

Сұрақ: Жарияланымдарға байланысты туындаған сұрақтарға ауқымды жауап  берілген сияқты. Мұндай амалдардың себебі неде?

Жауап: Құбылмалы заманда ашық болу өте маңызды және біз кез-келген сұрақтарға жауап беруге әрқашан дайынбыз. Қазір орын алған саяси оқиғалар негізінде түрлі алыпсатарлықтар пайда болуы мүмкін (және пайда болады да). Алайда, барлық осы оқиғаларда бүгінгі күнге дейін жасалған және қол жеткізілген жақсы және дұрыс нәрсені жоғалтпау маңызды. Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда жоғары сапалы білім беруді дамыту. НУ мен НЗМ-нің тұғыры берік, мәртебесі биік, меритократиялық қағидаттарға негізделген және ең жақсы әлемдік тәжірибені жүзеге асыруда. Біз осы жобаларды он жыл бұрын іске қосқан кезде олардың негізін құрдық, енді олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз (және оны де сәтті деп санаймын).

Бастапқыда ойластырылғандай, біз неғұрлым өзекті мәселелерге үлкен мемлекеттік ресурстарды бағыттап, университет пен мектептерді қаржыландыруды жалғастыруға және ұлғайтуға дайынбыз. Бұл ретте  НУ мен НЗМ-нің қалыптастырылған білім беру жүйесі зардап шекпейді, өйткені өзіміздің жоғары білімді кадрларымыздың арқасында ғана біз гүлденген мемлекетті құра аламыз деп ойлаймын. Тек үздік біліммен ғана біз жарқын болашаққа қол жеткіземіз.

Рахмет.

 

Нұржамал Үсенова

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп медицинасына биыл 26,1 млрд теңге қарастырылған

Қазақстанда мектеп оқушыларын профилактикалық тексеруден өткізуге және сауықтыруға 2022 жылға 26,1 млрд теңге қарастырылған. «2020 жылы мектеп медицинасы қаржыландырудың жеке бағытына шығарылды. Сол кезде оған...

Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады

Қиырдағы қандастарды елге әкелу – мемлекеттік мүдде тұрғысынан, соның ішінде демографиялық жағынан аса маңызды іс. Дегенмен қанша қаласа да атамекеніне орала алмай отырған қандастар...

«Болашақ» стипендиясына бір күнде 55 өтініш түскен

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдаудың алғашқы күнінде Egov.kz порталы арқылы 55 өтінім түскен. «Кеше «Болашақ» халықаралық стипендиясымен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және...

Елордада мұғалімдерге арналған саябақ ашылды

Нұр-Cұлтан әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдер мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. «Мұғалімдер оқушылардың қалыптасу жолында үлкен рөл атқарады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен мамандыққа деген құрметінің...

ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 21 ереже бұзушылық анықталып, нәтижелер жоққа шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның...