4 C
Нур-Султан
02.04.2023

Жоғары білімге мән беру керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында Қазақстан­да дамудың жаңа кезеңі басталғанын айтты. Да­мудың жаңа кезеңі ел экономикасы мен әлеуе­тін көтеруден басталатыны заңды ғой. Дегенмен барлық бағытта мемлекетті дамыта­тын жаңа кезеңнің жаңа тұлғаларын дайын­дайтын білім беру саласына айрықша мән бер­ген жөн. Мұны Президенттің өзі «Жаңа эконо­мика құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды» деп атап өтті.

Жоғары оқу орындары шетелдік оқу орындарымен бәсекеге қабілетті болуы қажет. Бұл ретте отандық жоғары оқу орындары шетелдік университеттермен халықаралық байланысты күшейтуі керек. Бірақ осындай жұмыстар қағаз бетінде, жоспар жүзінде ғана емес, іс жүзінде де жоғары нәтижеде іске асырылғаны абзал.

Президент тапсырмасына ойыссақ, отандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру ондағы оқытушылық құрамның сапасын арттыруға тікелей байланысты. Өйткені мықты кадрлармен ғана кез келген мекеменің қадірі артады. Қазір әр университет өзіндік ішкі тәртібіне қарай жұмыс істейді ғой, сондықтан әр жоғары оқу орнының оқытушылық құрамға, олардың біліктілігін арттыруға деген көзқарасы әртүрлі болуы мүмкін.

Бізге университет оқытушыларының кемі екі немесе үш жылда бір рет халықаралық деңгейде, шетелдік университеттерде білімін жетілдіруін, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуын міндет­тейтін жүйе керек секілді. Бұл өз кезегінде жоғары оқу орнының қандай да бір мәртебесіне, қай ведомствоға бағынышты екеніне қарамастан бірдей міндет болғаны дұрыс. Себебі елімізде мемлекеттік, жекеменшік, өңір­лік, ұлттық, халықаралық университеттермен қатар дәрігер­лерді, әскери қызметкерлерді, өнер адамдарын даярлайтын жоғары оқу орындары бар. Барлығында кадрдың кәсі­би­лігіне деген жауапкершілік біркелкі болғаны жөн-ақ.

Жақында Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары саласын реформалау керек екенін айтты. Негізі өзгеріс, жүйелеу сол салаға маман даярлаудан бас­талуы қажет. Сол секілді білікті дәрігерлердің де қанша­лықты сұраныста екенін пандемия анық көрсетті. Ал кей­бір өңірлерге мықты мұғалімдер жетіспей жатқанын Пре­зиденттің өзі айтты. Түптеп келгенде барлық салаға кәсі­би кадр керек. Кәсіби кадрды маман даярлайтын оқу орындары қалыптастырады. Ал маманды оқы­тып, даярлап шығаратын оқытушының өзі білікті болуға тиіс.

Венера МУСИНА,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды
университетінің аға оқытушысы

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Елімізде футбол менеджменті бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылды

Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясы және Almaty Management University арасындағы меморандум аясында білім беру бағдарламасын іске қосуға байланысты ресми іс-шара өтті. Жобаның негізі мақсаты...

Коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер альянсы құрылды

Алматыда алғаш рет Industry Advisory Board форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – AlmaU-дың Технологияларды коммерцияландыру орталығы, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі. Industry Advisory Board (Салалық...

3 сәуірде республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталады

Ағымдағы жылдың 3 - 7 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі, деп хабарлайды «Дарын» РҒПО. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлануына...

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді, енді Президенттің тікелей назарында болады. Бұдан бұлай Перзидент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы деп аталады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев...

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі ықтимал. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды QAZBILIM aқпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа өзгеріске сай, енді...