13 C
Нур-Султан
28.05.2022

Екібастұздық мұғалім оқушылардың ынтасын ояту үшін түрлі ойын технологияларын қолданады

Екібастұздық мұғалім Дария Дошимова оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін түрлі ойын технологияларын қолданады.

Дария Дошимова Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы №35 мектеп-гимназиясында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен сабақ береді. Сондай-ақ ол Youtube желісінде білім беру каналын жүргізеді және жалпы білім беретін пәндерді оқытуда геймификация әдісін пайдалануды енгізіп жүр.

Сонымен қатар педагог Екібастұзда Республикалық жас кәсіпкерлер клубын құрған. Клубтың президенті – қалалық №35 мектептің 10 «А» сынып оқушысы. Бүгінде клубтың филиалдары Семей және Қызылорда қалаларында да ашылған. Дария Дошимова оқушылар арасында ойын турнирлерін ұйымдастыруға атсалысып тұрады.

Ұстаз білім беру саласында 15 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде Дария Дошимова оқытудың түрлі әдістерін ойлап тапқан. Бүгінде ол – жүздеген шәкірт тәрбиелеген ұстаз. Шәкірттері Дария Салаватовна жұмысқа шығармашылық көзқараспен қарайтын кәсіби маман екенін айтады.

«Қазіргі заманның балаларын Интернеттен алшақтату үшін оған балама ретінде үстел ойындарын ойлап табудамыз. Өйткені, шынайы өмірдегі зияткерлік ойын онлайн ойындарға қарағанда әлдеқайда пайдалы және қызықты. Балалар уақытын қызықты әрі тиімді өткізгенін қалаймын. Экономика және қаржылық сауаттылық бағыттары бойынша үстел ойынын негізге алып отырмын. Ол ойынды балалар жеті сағат бойы үзіліссіз ойнайды. Бұл үстел ойыны балаға қаржылық сауаттылықты үйретеді. Енді мен оқушылар басқа пәндерді де қызығушылықпен оқуы үшін осындай ойындарды енгізуді жоспарлап отырмын. Кәсіпкерлік негіздерімен танысу үшін өткізілетін ойындарға қатысқан мектеп оқушылары мен колледж студенттері пәнді оқытудың осындай әдістері оларға ұнайтынын айтады», – деді Дария Дошимова.

Сонымен қатар ұстаз басқа салаларда да жақсы жетістіктерге жеткен. Ол – Павлодар облысы педагогтерінің арасында шаңғы жарысының алтын жүлдегері, баскетбол ойындарының сегіз дүркін жүлдегері, сондай-ақ ату жарыстарының жүлдегері.
Қазіргі уақытта Дария Дошимова шет тілдер мен психология саласын меңгеруде. Болашақта түрлі ұрпақ өкілдеріне арналған білім беру кітабын шығаруды жоспарлап жүр.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп медицинасына биыл 26,1 млрд теңге қарастырылған

Қазақстанда мектеп оқушыларын профилактикалық тексеруден өткізуге және сауықтыруға 2022 жылға 26,1 млрд теңге қарастырылған. «2020 жылы мектеп медицинасы қаржыландырудың жеке бағытына шығарылды. Сол кезде оған...

Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады

Қиырдағы қандастарды елге әкелу – мемлекеттік мүдде тұрғысынан, соның ішінде демографиялық жағынан аса маңызды іс. Дегенмен қанша қаласа да атамекеніне орала алмай отырған қандастар...

«Болашақ» стипендиясына бір күнде 55 өтініш түскен

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдаудың алғашқы күнінде Egov.kz порталы арқылы 55 өтінім түскен. «Кеше «Болашақ» халықаралық стипендиясымен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және...

Елордада мұғалімдерге арналған саябақ ашылды

Нұр-Cұлтан әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдер мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. «Мұғалімдер оқушылардың қалыптасу жолында үлкен рөл атқарады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен мамандыққа деген құрметінің...

ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 21 ереже бұзушылық анықталып, нәтижелер жоққа шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның...