20.05.2024

Тараз қаласында 600 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді

Тараз қаласы «Шалғай Қарасу» алқабындағы 600 орынды жаңа мектептің құрылысы жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес жүзеге асып отыр.

Жобалық құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын нысанды мердігер – «ТемірСтройСервис» ЖШС салған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ата-аналар мен оқушыларды қуанышымен құттықтады.

«Әрбір елдің болашағы, дамуы – оның білімді, саналы, денсаулығы мықты жастарына байланысты. Біздің елімізде осыған айрықша ден қойылған. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген 10 Ұлттық жобада да бұл бағытқа баса назар аударылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облысымызда көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Соңғы екі жылдың өзінде өңірімізде 41 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Биыл 24 мектеп салу жоспарланған»,- деді аймақ басшысы.

Аталған оқу ордасында 700-ден астам бала білім алатын болады. Нысан модификациялық кабинеттермен, 200 орындық асхана, 130 орындық мәжіліс залы және кең спорт залмен қамтылған.

Мектептің ішкі және сыртқы безендірілуінің мазмұнына айрықша назар аударылуда.

«Жаңа мектеп біздің алқап тұрғындары үшін тамаша тарту болды. Бұған дейін балаларымыз жан-жаққа сабылып, автобуспен тасымалданып алыс мектептерде оқыған еді. Енді, міне, үйіміздің қасындағы зәулім, заманауи оқу ордасында білім алатын болады. Бұл үшін Мемлекет және облыс басшылығына деген ризашылығымызды жеткізгім келеді»,- дейді ата-аналар атынан сөз алған тұрғын Кішкенбай Айтбаев.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА