-13 C
Нур-Султан
22.01.2022

Қазақстанда педагогтердің, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

Қазақстанда әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтар мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25% — ға, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30% — ға өсті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырманы орындау үшін 2020 жылдан бастап шамамен 600 мың педагогтың жалақысын кезең-кезеңімен арттыру, ал 2021 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарда жұмыс істейтін 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды.

2023 жылға қарай олардың жалақысы 2 есе өседі. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтардың жалақысы 25%-ға, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30% — ға өсті. Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 21 мың жұмыскердің лауазымдық айлықақылары 25% — ға арттырылды.

Жалақының өсуі өз қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі – МӘМ), үйде қызмет көрсету ұйымдарында, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналға (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) қатысты болды. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға көтерілді. Сондай-ақ, 2021 жылы әкімшілік және қосалқы персоналдың, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысы қолданыстағы қосымша ақының мөлшерін лауазымдық жалақыдан 30% — дан 40% — ға өзгерту арқылы арттырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталып, ол 591 мың адамды қамтиды. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есе артады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектептегі каникулдардың мерзімі бекітілді

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2021–2022 жылдары орта білім мекемелерінде оқу жылының басталуы мен ұзақтығы, каникул кезеңдеріне қатысты 2021 жылғы 27 шілдедегі бұйрыққа өзгеріс...

Барлық бастауыш сынып оқушылары мектепке барып оқиды

ҚР Бас санитар дәрігерінің білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы қаулысы шықты. Қаулы бойынша, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері мен ҚР Білім...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласы жұмысына қатысты сын айтті

«Білім саласы туралы айтар болсақ, айналып келгенде әңгіме оның сапасына келіп тіреледі. Нарық нақты бір сала мамандарын талап етсе, ал біздің білім министрлігінің нормативтік...

«Назарбаев Университеті және Назарбаев Зияткерлік мектептері эндаумент қорларының қызметі жайлы» – А.Сәрінжіповпен сұхбат

Баспасөзде Назарбаев Қорының коммерциялық активтері туралы материалдардың пайда болуына байланысты қалың жұртшылықта сұрақтар туындауы мүмкін, оларға жауап алу үшін біз Қордың қазіргі төрағасы, ҚР...

Математикалық айтыс = дәлелсіз сөз сапыру емес

19 қаңтар күні Abai.kz ақпараттық порталында ардагер ұстаз Ордалы Қосай мырзаның академик Асқар Жұмаділдаевқа жазған «Математик – математикке!» атты үшбу хаты KAZBILIM сайтымызда жарияланған еді. Бүгін ...