20.05.2024

Алматыда оқушылар онлайн оқуға көшеді

Каникул аяқталған соң алматылық оқушылар онлайн оқуға көшеді.

Алматыда эпидемиологиялық аухуал ушықты. Осыған байланысты оқушылар онлайн форматта оқитын болады. «Алматыда 31 қаңтарға дейін мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Ал студенттер 6 ақпанға дейін онлайн форматта білім алады», – деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін ол Алматы қаласы «қызыл» аймаққа кіргені туралы айтқан болатын. «ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Алматы қаласында шектеу шараларын қатаңдату 5 күн ішінде, мүмкін одан бұрын қабылданатын болады.

Әрине, бұл Алматы қаласындағы соңғы оқиғалар аясында кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына қосымша салмақ. Бірақ, коронавирус «ешқайда кеткен жоқ», вакциналанбаған халық оны өте көп жұқтырп жатыр»,- деді ол.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА