17 C
Нур-Султан
09.06.2023

ҒАЛЫМДАР АЙТҚАН ОН ҚАҒИДА

Балаға деген тәрбие – баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл – кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланыста болуы керек. Біз бүгін оқырмандарға ғалымдар айтқан ата-ананың есінде жүруге тиіс он қағиданы ұсындық.

1)    Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір – қасиетін, ар – намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым – қатынас жасаған абзал.

2) Тәкаппарлықтың нашар қасиет екендігін түсіндіріп, тәкаппар болуының алдын алу керек.

3) Әдепсіз сөз, дөрекі айқай – тәрбиедегі ең жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе оған қарай жауап береді.

4) Кемшіліктерін мойындауды үйрету керек. Кемшіліктерін біліп, жөндеуге тырысуы – өмірде жетістікке жетуіне себеп болады.

5) Егер өзің баланы сыйламай тұрып өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.

6) Балаға шамасы келмейтін жұмыс тапсырмау керек. Кері жағдайда қолынан келетін нәрселерді де орындамайтын болады.

7) Баланың айтайын деген өтініші, ақылдасқысы келген мәселелерін ата – анасы тыңдап, ақыл – кеңес беруі керек.

8) Орындай алмайтын нәрселерді айтып уәде бермеу керек

9) Ата – ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.

10) Балаға отбасы ішіндегі біреу ұрсып жатса, басқасы оны жақтамау керек.

Дайындаған Тоқтар Қасен

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...