-13 C
Нур-Султан
22.01.2022

Өткен жылы білім және ғылым салаларында қандай өзгерістер болды?

Барлық саланың тірегі – білім мен ғылым. Өйткені кез келген мамандыққа кадр даярлайтын білім жүйесі болса, барлық саланың сапалық өнімділігі мен жалпы дамуын жіті зерттейтін – ғылым. Өткен жылғы осы қос сала­дағы негізгі жаңалық­тар мен енгізілген өзгерістерге тоқталдық.

Балабақшаларды аттестациялау қайта енгізілді

Мемлекет басшысының 2020 жы­лы мамырдағы Ұлттық қоғам­дық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі бекітілді. Бұл – мектепке дейінгі білім берудің мақсаттарын, мін­деттерін, құн­дылықтары мен қағидаттарын айқын­дайтын тұ­жырымдамалық құжат.

Бұған дейін жекеменшік бала­бақша­лардағы келеңсіздіктер кө­бейгені жиі айтылды. Бұған ең алдымен мұндай мекемелерді тек­серуге рұқсаттың жоқ­тығы себеп болған. Енді бұл реттелді. Өйт­кені биыл мектепке дейін­­гі ұйым­­дарды мемлекеттік аттес­таттау қайта іске қосылды. Мем­­­лекеттік аттестаттаудың жаңа форматы мектепке дейінгі ұйым­­дардың қызметін өзін-өзі бағалау негі­зінде талдаумен ерек­шеленеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың қыз­метін ғылыми негіздеу және сүйемел­деу бойынша туын­дай­­тын мәселелерді шешу мақ­сатын­да «Мектепке дейінгі ба­ла­лық шақ» республикалық орта­лы­ғы Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2021 жылғы 9 қара­ша­дағы №796 қаулы­сымен «Ба­лаларды ерте дамыту институты» болып қайта аталды.

Қосымша біліммен қамту заңдастырылды

2020-2021 оқу жылында орта бі­лім жүйесі жаңартылған білім беру маз­мұнына толықтай көшті. Орта білім үшін бұл жылдың жаңалығы – А.Бай­тұрсынов әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппенің» қайта оралуы.

Жалпы, білім беретін мектеп­терге инклюзияны қолдау ка­би­неттері (400 ин­клюзияны қолдау кабинеті, оның 68-і 2021 жылы ашылған), педагог-ассистенттің штат бірліктері (396 арнайы педагог, 55 мұғалім, 189 психолог, 443 педагог-ассистент) енгізілді. Аутизмі бар балаларды дамыту және оқыту, олар­мен уақтылы түзету жұмыстарын жүр­гізу үшін 2021 жылы орта білім беру ұйым­дарының түрлеріне аутизм орталықтары қосылды.

Біз осыған дейін «Көлеңкеде қал­ған қосымша білім» деген тақырыпта қан­шама баланың қосымша біліммен қам­тылмай қалғанын мәселе ретінде кө­терген едік. Биыл осы түйткілдің тү­йіні тарқатылды. Барлық балаларды қосымша білім алуға тарту және тең қол жеткізу мақсатында 2021 жылы жер­гілікті атқарушы органдардың балалар­ға қосымша білім беруге мемлекеттік тап­сырысын орналастыру нормасы заңнамалық түрде бекітілді («Білім туралы» Заңының 1-бабы). Сонымен қа­тар 2021 жылдан бастап денешы­­нықты­ру педагогтеріне негізгі бағдарламадан тыс спорттық са­бақтар өткізгені үшін базалық лауа­зымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы заңна­малық деңгейде енгізілді.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы тағы да 25%-ға өсті. Мұғалім­дердің жүктемесі аптасына 18 сағаттан 16 сағатқа дейін қысқартылды.

 Білім бөлімдері тікелей басқармаға бағынады

Педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына үміт­керлерді сапалы іріктеуді жү­зеге асыру үшін жоғары оқу орындарына түсу және қа­был­дау үшін шекті балл 50-ден 75 балға дейін ұлғайтылды. Педагогикалық мамандықтар студенттеріне стипендия мөлше­рі 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттырылды. Сондай-ақ мұғалім мамандығына талантты түлектерді тарту және сапаны қамтамасыз ету үшін 2021 жылдан бастап қанат қақты режімде ұлттық біліктілік тестін тапсыру арқылы түлектердің бі­лік­тілігін растау рәсімі басталды.

Мемлекет басшысының Қа­зақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың қаң­та­рынан бастап өңірлерде білім беру жү­йесін басқарудың жаңа моделі енгізіл­ді. Аудандық, қалалық бөлімдер қаржы және ұйымдастыру жағы­нан облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қала­ларының білім басқармаларына есеп бере бастады.

 Грант колледжге емес, студентке беріледі

Биыл колледждерге акаде­мия­лық дербестік берілді. Енді кәсіптік-техни­ка­лық білім бе­ретін ұйымдар өздері жұ­мыс­ берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының маз­мұны мен оқу мерзімдерін ай­қын­дай алады. Бұл өз кезегінде кол­ледждерге жұмыс беру­ші­лердің талаптарына қарай ма­ман­дарды даярлауға, еңбек нары­ғының сұра­ны­сына сай білім бағ­дарламаларын әзір­леуге, сол ар­қылы оқытуға мүмкіндік береді.

Колледжге оқуға түсу тәрті­бі өзгер­ді. «Ақша студентпен бірге жүреді» қағи­даты бойынша мемлекеттік тапсырыс­ты орналастыру мен колледждер­ге қабылдаудың жаңа тетігі ен­гізілді. Жаңа механизм бойын­ша болашақ студенттер төрт мамандық пен төрт колледжге дейін таңдай алады. Қабылдау рәсімі жаңа ережелерге сәйкес жүзеге асырылды. Биылдан бастап педагогикалық, медициналық және шығармашылық маман­дық­тарды қоспағанда, қабылдау емтихандары болған жоқ. Ашық­тықты қамтамасыз ету мақ­сатында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту конкурсы білім басқармаларының ақ­параттық жүйелері арқылы өткізілді, талапкерлерді бөлу автоматтандырылған.

Елбасы бастамасымен қабыл­дан­ған «Жас маман» жобасы аясында 2021 жылы 180 колледжге заманауи жаб­­дықтар беріліп, кадр­ларды даяр­лау­дың халықаралық стандарттары енгі­зілді. Соған сай білім берудің жаңа тех­ноло­гиялары бойынша педагогтер білікті­ліктерін арттырды. Тиісті заңға колледждердің ақылы қызмет көрсетуі бойынша түзетулер енгізілді. Бүгінде колледждер оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда, оқу полигондарында шығарылатын тауарларды сата алады және ақы­лы қызметтер көрсетуге де болады.

Еңбек кодексіне енгізілген тү­зету­лер­ге сәйкес, дуалды оқы­ту кезінде сту­дент­тердің прак­тикадан өту мерзімі еңбек өті­ліне есептеледі. Бұл колледж тү­лектерінің жұмысқа орналасу мүмкін­д­ігін арттырады.

 Грантқа түсуге 2 рет мүмкіндік берілді

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібіне енгізілген өзге­ріске сәйкес грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше күннен кейін немесе мамыр-маусым айларында тапсыруға мүм­кіндігі бар. Бірақ тестілеуге бір күнде 2 қайтара қатысуға тыйым салынады.

Педагогикалық мамандыққа мықты түлектерді қабылдау мақ­­са­тында 2021 жылы ҰБТ-ның­ шек­ті балы 75 балға дейін көтеріл­ді. Болашақ мұғалімдерді ын­таландыру үшін олардың стипен­диялары 42 мың теңгеге дейін өсті. Қазір педагогикалық білім беру бағдар­ламалары бойынша оқитын студенттер ең жо­ғары стипендия алып жатыр.

Вирусологтарды даярлау қолға алынды

Докторантураға түсу емтихандары 2021 жылы алғаш рет элек­тронды форматта өтті. Был­тыр магистратураға түсу кезінде тестілеудің электронды форматы апробациядан сәтті өткен. Бұл механизм сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою тұрғысынан тиімді.

Елімізде биылдан бастап вирусолог мамандарды даярлау қолға алынды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­си­теті Биологиялық қауіпсіздік проб­лемаларының ғылыми-зерт­теу инсти­тутымен бірлесіп оқытпақ. Виру­сология бағыты бойынша магистранттар мен докторанттар даярланбақ.

Президенттің тапсырмасын іске асы­ру шеңберінде еліміз­дегі жоғары оқу орын­дары сту­денттерінің, магистрант­тары мен докторанттарының шә­кірт­ақы көлемі осы жылдың 1 қыр­күйегінен бас­тап артты. Ба­калавр бағдарламасы бойынша оқи­тындардың шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докто­рант­тардың шәкіртақысы 15%-ға ұлғай­тылды. Бакалаврда оқитын студенттердің шәкірт­ақысы 26 186 теңгеден 31 423 теңгеге дейін артты.

 Волонтер-студенттерге төлем қарастырылды

Қазақстанда волонтер-студент­тер­ді материалдық ынталандыру жүйесі енгізілді. Енді во­лонтерлік қызметпен бел­сен­ді айналысатын білім алушылар атқарған еңбегі үшін ақ­ша­лай сыйақы ала бастайды. Сондай-ақ академия­лық кредиттер есептелуі мүмкін. Білім және ғылым министрлігі тиіс­ті нормаларды енгізді. Бұл шешім әлеуметтік маңызды қыз­мет­пен айналысатын бел­сенді студенттердің санын көбейту мақ­­сатында қабылданып отыр. Мысалы, мұқтаж адамдарға кө­мек көрсету, түрлі әлеуметтік жо­баларды жүзеге асыру және т.б. Министрлік жастардың бас­тама­ларына ерекше ден қойып, олардың бастамаларын қолдайды. Мәселен, енді 20 сағаттық волон­терлік қызмет үшін студенттерге ваучер түрінде кредит бе­ріледі. Бұл студент оқитын жо­ғары оқу орнында/білім беру ұйымында екі академиялық кре­дитті (сағатты) есепке алуға мүм­кіндік береді. Сондай-ақ студент 20 мың теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем алады. Егер студент 50 сағат жұмыс істесе, оған бес академиялық кредит (сағат) есептеліп, 50 мың теңге төленеді. Айта кетейік, волонтер-студенттерге арналған тө­лемдер тілдерді оқыту және ком­пьютерлік сауаттылық бойынша репетиторлық қызмет, ерек­ше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс, сонымен бірге аула және спорт клубтарын ұйымдастырғаны, балалар, қарттар және мүмкіндігі шектеулі адамдармен жүргізілген әлеуметтік жұмыс, қоршаған ортаны қорғау және басқа да қызметтер үшін қарастырылған.

 Іргелі зерттеу ұйымдарын қаржыландыру енгізілді

Отандық ғалымдардың әлеуеті мен үлкен жетістігінің дәлелі бү­гінде қазақ­стандықтардың ден­саулығы мен қауіп­сіздігін қор­ғайтын, бауырлас елдерге жі­берілетін коронавирусқа қар­сы QazVac отандық вакцинасының «Био­­логиялық қауіпсіздік проб­лемалары ҒЗИ» әзірлемесі болды.

«Ғылым туралы» Заңға енгі­зіл­ген өзгерістердің нәтижесінде базалық қар­жы­ландыруға жетек­ші ғалымдардың еңбегіне ақы тө­леу енгізілді. Бұрын ға­лымдар жа­лақыны тек конкурстар ар­қы­лы ғана алып, конкурстық рәсім­дер кезінде ақысыз мәжбүрлі дема­лысқа, кейде тіпті мүлде жұ­мыс­тан кеткен бол­са, енді же­текші ға­лымдар тұрақты жалақы алады.

Президенттің тапсырма­сы бойынша ғылымды қаржы­лан­ды­рудың жаңа түрі – іргелі ғы­лыми зерттеулерді жү­зе­ге асыра­тын ғылыми ұйымдарды қар­жыландыру енгізілді.

Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландыру ұзақ­тығы 5 жылға дейін ұлғайтылды. 3 жыл ішінде ғылыми зерт­теу­лердің қандай да бір маңызды нәти­желері туралы айту екіталай екені анық.

Ұлттық ғылыми кеңестердің шешім­дерін апелляцияға беруге болады. Өйт­кені биылдан бас­тап Апелляциялық комиссия енгізілді. Бұған дейін біз газе­­тімізде «Сар­саңға салған са­раптама» деген тақырыппен проб­лемалық мақала жазып, 2 ға­лымның бірі формальды тек­серістен өтпей қалаты­нын, он­да­ғы техникалық қатесін тү­зе­туге мүмкіндік берілмейтінін жария­лағанбыз.

Бесіншіден, былтыр Мемле­кет бас­шысы жыл сайын кемінде 500 ғалым­ды жетекші ғылыми орталықтарға тағы­лымдамадан өтуге жіберуді тапсырған бола­тын. Осыған байланысты, заңға ен­гізілген өзгерістерге сәйкес БҒМ ғылы­ми қызметтің ерек­шелігін ескере оты­рып, ғылыми тағылым­дамадан өту­дің барлық нормативтік базасын әзірлеуі тиіс.

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
«EGEMEN QAZAQSTAN» GAZETI

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласы жұмысына қатысты сын айтті

«Білім саласы туралы айтар болсақ, айналып келгенде әңгіме оның сапасына келіп тіреледі. Нарық нақты бір сала мамандарын талап етсе, ал біздің білім министрлігінің нормативтік...

«Назарбаев Университеті және Назарбаев Зияткерлік мектептері эндаумент қорларының қызметі жайлы» – А.Сәрінжіповпен сұхбат

Баспасөзде Назарбаев Қорының коммерциялық активтері туралы материалдардың пайда болуына байланысты қалың жұртшылықта сұрақтар туындауы мүмкін, оларға жауап алу үшін біз Қордың қазіргі төрағасы, ҚР...

Математикалық айтыс = дәлелсіз сөз сапыру емес

19 қаңтар күні Abai.kz ақпараттық порталында ардагер ұстаз Ордалы Қосай мырзаның академик Асқар Жұмаділдаевқа жазған «Математик – математикке!» атты үшбу хаты KAZBILIM сайтымызда жарияланған еді. Бүгін ...

Жоғары білімге мән беру керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында Қазақстан­да дамудың жаңа кезеңі басталғанын айтты. Да­мудың жаңа кезеңі ел экономикасы мен әлеуе­тін көтеруден басталатыны заңды ғой....

Екібастұздық мұғалім оқушылардың ынтасын ояту үшін түрлі ойын технологияларын қолданады

Екібастұздық мұғалім Дария Дошимова оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін түрлі ойын технологияларын қолданады. Дария Дошимова Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы №35 мектеп-гимназиясында «Кәсіпкерлік...