29.05.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі туралы маңызды заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасына қол қойды. Құжаттың мәтіні Ақордада жарияланды.

– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген құжатта.

Заңға енгізілген түзетулер көрсеткіштер мен жарнамалық маңдайшаларда негізінен қазақ тілін пайдалану қажеттілігін ұсынады.

Бұл талап әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық объектілердің мемлекеттік тілдегі дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атауларына қолданылатын болады.

Осы талап мемлекеттік емес ұйымдардың мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда орыс және/немесе басқа тілдерде ұсынылуға тиіс бланкілері мен маңдайшаларына да қолданылады.
Заң жобасын қабылдау көрнекі ақпараттың дұрыс ресімделмеуіне және түпнұсқалы емес аударылуына байланысты әлеуметтік шиеленісті болдырмауға ықпал етеді.

Сондай-ақ конфессия-аралық өзара іс-қимыл, дін мәселелерінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Сәлеметсіз бе. Білім ордаларының әлеуметтік желілердегі парақшалары қандай тілде жүргізілуі керек? Егер мектеп орыс тілді болса?

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА