27.07.2024

​Қаңтар ҰБТ-2022. ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

2022 жылғы қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 24 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында жүргізілетінін қуанышпен хабарлаймыз.
⏳Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
💻ҰБТ-ға өтініштер app.testcenter.kz сайтында қабылданады.
✅Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

1️⃣қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
2️⃣ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
3️⃣ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
4️⃣ЖОО-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

💸Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге.
‼️Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ОРЫНДЫ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркілері бойынша таңдайды.
☝️МАҢЫЗДЫ: Тестілеу аяқталғанға дейін Жеке кабинетіңіздің логині мен құпия сөзін сақтау керек.
📌Ескерту: Өтініш беру барысында ТЕСТІЛЕУ ережелерімен мұқият танысыңыздар.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

7 COMMENTS

  1. Мен gmail.com арқылы тіркеліп қойдым.Ештеңе етпейме?

  2. мен 5 не дейін тіркеле алмадым
    калаи тиркелсем болады

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА