26.04.2024

Соңғы 2 жылдың ішінде сапасы төмен 14 жоғары оқу орны бас лицензиясынан айырылды

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті сапалы білім беруде бақылау жүргізіп, білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету бойынша жобаларды іске асыратын ведомство. Қазір Комитетке қарасты 6 басқармада 41 қызметкер жұмыс істейді.

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті еңбек нарығына сұранысқа сай білікті мамандарды даярлау жұмыстарын жетілдіру мақсатында жоғары оқу орындарында профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, соңғы 2 жылдың ішінде сапасы төмен 14 жоғары оқу орны бас лицензиясынан айырылды. 61 университет бейінді емес даярлау бағыттары бойынша лицензияның 400 қосымшасын қайтарды. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының 19 диссертациялық кеңесі белгіленген талаптарды сақтамағандықтан өз қызметін тоқтатты.

Білім жән ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Педагог мәртебесі туралы» Заң шеңберінде мұғалімдерді кәсіби міндетінен тыс жұмыстарға тартуға, олардан артық есептілікті талап етуге, мұғалімдердің мәртебесін түсіретін әрекеттерге жол бермеу мақсатында тексерулер жүргізеді. Жыл басынан бері аумақтық департаменттерге құқық бұзу мәселесі бойынша 121 педагог өтініш білдіріп, олардың 94-і бойынша бұзушылық фактілері расталды. Заңнаманы бұзғаны үшін жеке тұлғалар мен білім беру ұйымдарының басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА