-23 C
Нур-Султан
09.12.2021

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР СУ ТАСҚЫНЫН БОЛЖАУ ЖҮЙЕСІ МЕН АГРОНОМҒА АРНАЛҒАН ПЛАНШЕТ ӘЗІРЛЕДІ

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары су тасқынын болжау жүйесін және агрономға арналған планшет әзірледі. Электрондық ресурс су тасқынын мониторингілеп, болжауға мүмкіндік береді. Жүйе инфрақұрылым объектілерінің цифрлық, координаттық және картографиялық деректерін қамтиды.

💬«Шығыс Қазақстан облысында белгілі бір кезеңде өзендер арнасынан шығып, кенттер мен тұрғын үйлерді су басу қаупі туындайды. Сондықтан біздің алдымызда өзендердегі су деңгейін бақылау тиімділігін арттыратын және маусымдық су тасқынын болжауға мүмкіндік беретін кешенді ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу міндеті тұрды. Өзен гидравликасын және ықтимал су басу аймақтарын дәл модельдеу үшін біз MIKE бағдарламалық кешенін, сондай-ақ ArcGIS, QGIS, NextGIS заманауи геоақпараттық жүйелерін пайдаланамыз. Олар төтенше жағдайды болжау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде біз су тасқыны мен елді мекендерді су басудың алдын алу үшін қажетті толық ақпарат аламыз», — деп атап өтті ШҚТУ ғалымы, PhD докторы Маржан Тогузова.

Сондай-ақ университет ғалымдары агрономға арналған планшет жасап шығарды. Технология агрономдарға ауылшаруашылық алқаптарындағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді, соның негізінде ықтимал тәуекелдерді ескеріп, экономикалық тиімді шешімдер қабылдауға болады.

💬«Агрономға арналған планшет» қосымшасы бұл үйде де, далада да жұмыс істеуге арналған әмбебап қосымша. Бұл ауылшаруашылық жұмыстарында портативті электрониканың артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Өрістер тарихы, карталар, анықтамалықтар және басқа құжаттардың мұрағаттарда сақталуы мамандардың шешім қабылдау процесін жеңілдетеді. Қосымшада сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйі туралы ақпарат және егіс жұмыстарын одан әрі жоспарлау жөніндегі ұсынымдар бар», — деді техника ғылымдарының докторы Валентина Колпакова.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Тәуелсіздік жылдары Алматыда 450 жекеменшік балабақша мен 84 мектеп ашылды

Тәуелсіздктің 30 жылында Алматы қаласында мемлекет есебінен 61 балабақша, 45 мектеп салынған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. «Тәуелсіздік...

Батыс Қазақстанда бес жылда 77 мектеп салу көзделуде

Батыс Қазақстан облысында Президент тапсырмасына сәйкес бес жылда 77 мектеп салу көзделіп отыр. БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде...

Білім министрлігі мектепке дейінгі білім берудегі кемшіліктерді атап айтты

Мемлекеттік аттестаттаудан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 78 пайызы өте алмады. «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2011 жылдан бастап лицензиялау жүргізілмейді. Бірақ, 2012 жылдан бастап мемлекеттік аттестаттау...

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мемлекеттік аттестаудан өтпек болған балабақшалардың 80...

Мектеп директорларын ауыстыру қашан басталады

2022 жылдан бастап мектеп директорларының орнын ауыстыру басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мұғалімдерді бейінді емес жұмыстардан, тексерулерден босату іс-шаралары...