27.07.2024

Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап салынады

Pfizer вакцинасы балаларға, жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға ғана салынады. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг барысында мәлім етті.

Оның айтуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Pfizer вакцинасы елге жеткізілді. Бүгінгі күні емханаларға бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мегаполисте Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап салынады.
«Аталған вакцина үш категорияға бөлінген. Ол 12 – 18 жасқа дейін балаларға, жүкті әйелдерге ( 16-30 апта) және бала емізетін аналарға ғана салынады. Әзірге, халықтың басқа тобына бұл вакцина егілмейді»,- дейді Әсел Қалықова.
Сонымен қатар, ол Pfizer вакцинасының бір құтысы алты адамға арналғанын тілге тиек етті.
Айта кетейк, Алматыға 46 800 доза бөлінді. Мұнда бірінші және екінші компонент бар. Вакциналау 21-28 күн аралығында жүргізіледі.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА