18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Президент Жезқазғандағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына барды. Бұл туралы «Егеман Қазақстан» газеті хабарлады.

Президент заманауи құралдармен жабдықталған «Өркен-медиа», өлкетану, домбыра және арт-студия кабинеттерін аралап көріп, педагогтармен және оқушылармен әңгімелесті.

«Ғылым, білім деген өте маңызды. «Білімді мыңды жығады» деген даналық сөз бар. Білім – қазіргі аумалы-төкпелі заманда ең күшті, ең тиімді құрал. Білімді болсаң, барлық қиындықтарды еңсересің. Міндетті түрде. Сондықтан біздің мемлекетіміздің үлгілі, лайықты, абыройлы азаматтары болыңдар. Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда», деді Мемлекет басшысы.

«Өркен» мектеп-интернатының оқушылары өлкетану кабинетінде Ұлытау өңірі мен Сарыарқаның тарихы, қасиетті орындары туралы оқиды. Қасым-Жомарт Тоқаев туған өлкенің және қазақ халқының тарихын білудің маңызды екенін атап өтті.

900 орындық қазақ тілінде оқытатын оқу ордасы 2020 жылы салынған. Мектеп-интернатта жаратылыстану және математикалық бағыт бойынша кәсіби бағдарға негізделген салалық білім беру бағдарламалары оқытылады. Білім беру модельдерін жүзеге асыру үшін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетімен және Жезқазған қаласындағы тарихи-археологиялық музеймен ынтымақтастық орнатылған.

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін 4 спорт секциясы мен 6 үйірме ашылған. Мектепті аралап көру барысында Мемлекет басшысына Қарағанды облысында сапалы білім беруді қамтамасыз ету жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндалды. Өңірдегі 499 мектепте 206 мыңға жуық оқушы білім алады. Оның ішінде 21318 бала бірінші сынып оқушылары.

Мектептердегі орын тапшылығына қатысты мәселені шешу үшін 2022-2025 жылдары 16 мектеп, оның ішінде үшеуі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік есебінен, сондай-ақ бір жеке мектеп салу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл мектептерін жаңғырту жұмыстары туралы мәлімет берілді. Биыл өңірде 166 мектеп жөндеуден өткен және 2025 жылға дейін 299 мектеп жаңғыртылады деп жоспарланған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысының барлық білім беру нысандарында дабыл түймешелері мен хабар беру жүйелері орнатылған. 300-ден астам бала оқитын мектептерде арнайы күзет қызметі жұмыс істейді және турникеттер қойылған.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...