-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

Қазақтың ғасырлар бойы сақталған құқық қағидалары

Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан қағида-ережелері көшпелі феодал қарым-қатынастың айнасы іспетті. Бұл жүйе негізінен демократиялық бастаулардан тұрады. Мысалы, хан сайлау дәстүрі. Ежелден-ақ ханды ақ киізге отырғызып, үш рет жоғары көтеріп халық сайлаған. «Халық ұйғарса, хан түйесін сояды» деген қағида берік орныққан. Бұдан басқа қазақ әдет-ғұрпында түрлі құқық қағидалары жазылмаған заң түрінде қалыптасқан.

1. Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы.

2. Айғақтың тазасы күмәнмен мойынға салынады.

3. Шындық – ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.

4. Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан да қатаңырақ.

5. Сөз шынына тоқтайды, пышақ қынына тоқтайды.

6. Күн ортақ, ай ортақ,
Әділ төрелік ортақ,
Бір нақақты күйдіргеннен, он қылмыстыны ағартқан артық.

7. Құнды қылышпен алмас, қисынмен алар.

8. Шеберден – олжа, шешеннен – сауға.

9. Заманына қарай – заңы, тоғайына қарай – аңы.

10. Ердің құнын жастың жайсаңы даулайды.

11. Тұлпардың құны бітпейді, тұяғы кетпейді.

12. Заң адамды бағындырады, заңды ақыл бағындырады.

13. Болмайтын істің басында болма, бітпейтін даудың қасында болма.

14. У ішкен бір өледі, ант ішкен мың өледі.

15. Барымтамен келген мал, қарымтамен кетеді.

16. Ханды құдай ұрғаны – халқымен жау болғаны,
Биді құдай ұрғаны – билігі даулы болғаны.

17. Жамандықты жазаламаған адам – оның дем берушісі.

18. Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәрбиесіз ел болмайды.

19. Ұлы би қылжың болмас, әділ би мылжың болмас.

20. Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.

21. Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық.

22. Ханнан – қазық, биден – билік.

23. Тура биде туған жоқ, паралы биде иман жоқ.

24. Өтірік жарға жығады, шындық жеңіп шығады.

25. Барымталаған мал болмас, қуып алған құн болмас.

26. Ақымаққа арнап заң жазылмас.

27. Ісің ақ болса, тәңірі жоқ.

28. Ант бұзушы оңбайды, салт бұзған сорлайды.

29. Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады.

30. Бір тойда екі жар жоқ, бір істе екі дау жоқ.

31. Сүйреткен ит аңға жарамас,
Үйреткен сөз дауға жарамас.

32. Байлық не керек, адалдан жимасаң, билік не керек, әділдік құрмасаң.

33. Ұсынған басты қылыш кеспес.

34. Әділ бидің өлгені – сөзінің болса жалғаны,
Ғұламанның өлгені – болмаса тәлім алғаны.

35. Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...