-23 C
Нур-Султан
09.12.2021

Қазақстандық ғалымдары терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі

ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған бірнеше инновациялық құрал әзірледі. Олардың бірі – X-Graft биологиялық жабыны. Ол клиникалық зерттеулерден өтіп, көп ұзамай Қазақстан Республикасында тіркеледі. Зерттеу нәтижелері аталған биологиялық материалды қолдану жараны емдеу процесін едәуір тездететінін көрсетті. Сонымен қатар науқастардың ауруханада емделу кезеңін қысқартады.
💬 «Орталық ғалымдары әзірлеген X-Graft жабыны заманауи инженерлік технологиялар көмегімен коллаген және эластин талшықтарынан жасалған. Таңу материалы терең және ұзақ уақыт емделмейтін жараларға арналған, сонымен қатар трофикалық жараларды уақытша таңу үшін қолданылады. Жабын қолданыста ыңғайлы, дәке таңғышпен салыстырғанда жараның бетіне жабыспайды. Емдік қасиеттері бойынша аталған биологиялық жабын шетелдік аналогтардан кем түспейді және беріктігі жоғары, икемді әрі абсорбцияға ие», – деді ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов.
🔬Сондай-ақ Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған «Фиброспрей» жасушалық препаратын ойлап тапты. Аэрозоль адамның тері жасушаларының (фибробласттар) суспензиясынан тұрады және жараның сауығу процесін екі есе жылдамдатады. Сонымен қатар клиникалық тәжірибеде бұл препарат тері трансплантацияларын тездету үшін қолданылады.
🔬Орталық ғалымдары сонымен қатар бағаналы жасушаларды қолдану арқылы күрделі сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын қалпына келтіру технологиясын жасады. Клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері бойынша биокомпозитті жасушалық гидрогель жоғары тиімділігін көрсетті. Гидрогельдің құрамындағы бағаналы жасушалар сүйек немесе шеміршек тіндерінің қалпына келу процесін тездетеді. Арнайы технологияның арқасында препарат операциядан кейін үш-алты ай ішінде зақымдалған сүйек пен шеміршек тінін қалпына келтіреді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Тәуелсіздік жылдары Алматыда 450 жекеменшік балабақша мен 84 мектеп ашылды

Тәуелсіздктің 30 жылында Алматы қаласында мемлекет есебінен 61 балабақша, 45 мектеп салынған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. «Тәуелсіздік...

Батыс Қазақстанда бес жылда 77 мектеп салу көзделуде

Батыс Қазақстан облысында Президент тапсырмасына сәйкес бес жылда 77 мектеп салу көзделіп отыр. БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде...

Білім министрлігі мектепке дейінгі білім берудегі кемшіліктерді атап айтты

Мемлекеттік аттестаттаудан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 78 пайызы өте алмады. «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2011 жылдан бастап лицензиялау жүргізілмейді. Бірақ, 2012 жылдан бастап мемлекеттік аттестаттау...

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мемлекеттік аттестаудан өтпек болған балабақшалардың 80...

Мектеп директорларын ауыстыру қашан басталады

2022 жылдан бастап мектеп директорларының орнын ауыстыру басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мұғалімдерді бейінді емес жұмыстардан, тексерулерден босату іс-шаралары...