-10 C
Нур-Султан
22.03.2023

Бір көш жердің өлшемі қанша?

Тілімізде бұрынғы мағынасынан айырылған сөздер жетерлік. Оларды қазіргі ұрпаққа түсіндіру, сөз сырынан толық мағлұмат алатындай және оның бүгінгі пайдалану мүмкіндігін түсінетіндей етіп саралау өте маңызды.

Қазақ бұрын немен көшті, бір көш жер өлшеміне қандай көлік жылдамдығы алынды? Өгіз, түйе, жылқының қайсы? Өгізбен көшу үшін, әрине, арба шегу керек. Жылқы да солай.

ХІІ ғасырдан бергі деректерде арба сөзі кездескенімен, оның жалпы халықтық көші-қон құралы есебінде пайдаланғандығы туралы мағлұмат жоқ. Әрі көш көлігіне өгіз тым баяу да, жылқы өте шапшаң. Малын жая жайлап, оты-суын қандыра жүретін, көштің өзін бір қуаныш көріп, қызықтай отырып, ойын-сауығы, той-думаны қоса жүретін қазақ жұртына мұндайда ең тиімдісі түйе ғана.

«Ашулансаң, көшке берген тайлағыңды қайтып ал» деген сөздің шығу төркіні де осында жатыр. Тайлақ деп әдейі кеміте айтып отыр. Халқымызда біреудің берген бір нәрселеріне ренжіскенде осылай кішірейте сөйлейтін үрдіс бар. Ит алғаны «бір күшік бердім деп, о не қылғаны», қой алып «бір қозы бердім» деп, ешкі алғаны «бір тышқақ лақ бердім деп», жылқыны – құлын, сиырды – бұзау деп т.б. осылай қарсыласының еңбегін әдейі төмендетіп айтады.

Арба да іздетпейтін, аса бап та тілемейтін түйеге жүгін теңдеп, қоршауға бала-шағасын отырғызып, өздері салт атқа мініп, қыстаудан жайлауға дейін, жайлаудан күзеуге дейін көшетін елдің бір көш өлшемі осы түйе жүрісінің шапшаңдығымен өлшенген.

Бір көш жер – түйелі көштің біркүндік жүрісі. Бір көш жер қазақтың бұрынғы шақырым, көз көрім жер, құлақ естір жер, дауыс жетер жер, тай шаптырым, құнан шаптырым, ат шаптырым дегендей қашықтық өлшемдерінің бірі. Көш жердің жақыны қозы көш жер де, алысы бір, екі, үш көш жер болып ұзай береді. Бұл сөз көшпелі елдің өзіне ғана белгілі қашықтық өлшемін танытумен бірге алыс деген де ұғым білдіреді. Бүгінгідей автокөліктің, пойыздың, ұшақтың бір күндік жүрісі сияқты түйелі көштің де бір күндік жүрісі кезінде жақын деп саналмаған.

Ал көш алда, көш ілгері, көш кейін, көш бойы ұзап кетті дегендей тіркестерде салыстырмалы мәндегі теңеуге айналған. М.Қашқари сөздігінде «көч – мезгілдің, уақыттың аз ғана бөлігі» деген түсінік, бұл сөздің пәлсапалық тұрғыдағы мәні.

Адам ғұмырын, жалпы тіршілік-дүниені көшке, керуенге теңеу, адамды уақыт қонағы деп санау – көнеден келе жатқан ұғым. «Дүние бір көш-керуен, өтер-кетер», «дүние – ғұмыр көшкеруен тұрағы жоқ» дегендей сөздер – сол танымның елесі.

«Таныс сөздердің бейтаныс сырлары» кітабынан

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...