-23 C
Нур-Султан
09.12.2021

Вакцина алмаған балалар мектепке кіруден шектеле ме?

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов балаларды вакцинаға міндеттеудің ықтималдығы туралы пікір білдірді.

Елге Рfizer вакцинасы келсе, екпе алмаған балалар мектепке кіруден шектеле ме? Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері Денсаулық сақтау министрлігінің басшыларына осындай сауал қойды.

«Жалпы қазіргі таңда коронавирусқа қарсы екпені 18 жастан бастап жасап жатырмыз. Рfizer вакцинасы келгеннен кейін 12 жастан бастап пайдалануға болады. Қазіргі кезде вакцина алмаған балаларды шектеу көзделіп отырған жоқ. Ол әр баланың ата-анасының келісімі бойынша, ерікті түрде ғана салынады. Сондықтан біз өз тарабымыздан түсіндіру жұмыстарын халыққа жеткіземіз», — деген вице-министрі Марат Шоранов жақында Рfizer вакцинасының 4 миллоннан астам дозасы елге жеткізілетінін атады.

«Бұл мәселе бізде өте ерекше деп есептейміз. Неге десеңіз, біз балалардың білім алуын офлайн режимге көшірдік. Санитарлық режим, маска режимі дейміз, соның арқасында қазір балалардың арасында науқастану көрсеткіші үлкен емес – 0,6 пайыз болып отыр. Сондықтан да вакцина келгенімен балаларымыз мектепке қорықпай бара алады деп сенеміз», — деді Марат Шоранов.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Тәуелсіздік жылдары Алматыда 450 жекеменшік балабақша мен 84 мектеп ашылды

Тәуелсіздктің 30 жылында Алматы қаласында мемлекет есебінен 61 балабақша, 45 мектеп салынған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. «Тәуелсіздік...

Батыс Қазақстанда бес жылда 77 мектеп салу көзделуде

Батыс Қазақстан облысында Президент тапсырмасына сәйкес бес жылда 77 мектеп салу көзделіп отыр. БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде...

Білім министрлігі мектепке дейінгі білім берудегі кемшіліктерді атап айтты

Мемлекеттік аттестаттаудан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 78 пайызы өте алмады. «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2011 жылдан бастап лицензиялау жүргізілмейді. Бірақ, 2012 жылдан бастап мемлекеттік аттестаттау...

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мемлекеттік аттестаудан өтпек болған балабақшалардың 80...

Мектеп директорларын ауыстыру қашан басталады

2022 жылдан бастап мектеп директорларының орнын ауыстыру басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мұғалімдерді бейінді емес жұмыстардан, тексерулерден босату іс-шаралары...