-0 C
Нур-Султан
07.10.2022

Үздік ауыл мектептері марапатталды

Таланттың бәрі ауылдан шығады дейміз. Бұл ретте ауылдағы үздік оқушыларды іріктеп, олардың республикадағы жетекші мектептерде білім алуын жалғастыруға мүмкіндік беретін «Мың бала» олимпиадасының үлесі зор. Осынау зияткерлік байқауда бірнеше оқушысы жеңімпаздар қатарынан көрінген ауыл мектептері де елеусіз қалмады. Мұғалімдер күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев қоры Елбасының «Ел үміті» бастамасының жобаларында жоғары нәтиже көрсеткен ауыл мектептерін марапаттап, әр мектепке 2 млн теңгеден тапсырды.

Мұндай қаржылай сертификат алдымен Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейіне табыс етілді. Аталған мектеп ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасында үздік нәтиже көрсет­ті. Жобаға қатысқан 4 мыңнан аса мектептің ішінде осы білім ошағы – үздіктер қатарында. Олимпиаданың қорытындысы бойынша бұл мектепте 66 финалист және 21 жеңімпаз анықталды.

«Мың бала» олимпиадасы осымен екінші жыл өткізіліп отыр. Осы уақыт ішінде жобаға 450 мыңнан аса ауыл оқушысы қатысып үлгерді. Олимпиаданың нәтижесі бойынша 2 мың оқушы жеңімпаз атанып, республикалық физика-математика мектебі, «Білім-Инновация» лицейлері, «Дарын» мамандандырылған мектеп­те­рі сияқты еліміздің жетекші мек­теп­терінде оқуға, сондай-ақ Елбасы ака­демиясының Birge oqý онлайн мек­тебінде пәндік дайындықтан өтуге мүм­кіндік алды.

Екінші ақшалай сертификатты Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының №1 Смирнов орта мектебі алды. «Елбасы медалі» жобасын іске асыру шеңберінде неғұрлым белсенді ауыл мектептеріне талдау жүргізіліп, олардың ішінде №1 Смирнов орта мектебінде Елбасы медалінің ең көп иегерлері анықталды. Аталған мек­те­п­тің 12 оқушысы бағдарламаны 7 бағыт бойынша аяқтап, қола медальға ие болды.

Солтүстік Қазақстан облысы бо­йын­ша барлығы 292 қатысушы қола медаль жеңіп алды. Қазіргі уақытта өңір бойынша «Елбасы медалі» жоба­сы­ның бағдарламасына 404 жас қа­тыс­ты.

Жалпы, екі жыл ішінде бүкіл ел бойынша 20 мыңнан аса қатысушыны қамтыған «Елбасы медалі» жобасы 7 бағытты негізге алады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Биыл Елбасы медалінің 605 иегері гранттар алып, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына түсті. Олардың 30%-дан астамы – ауыл мектептерінің түлегі.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...