-1 C
Нур-Султан
17.10.2021

Гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды. Бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады.

«Ұлттық аударма бюросы» атқарған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған 100 оқулықтың әрқайсысы 10 мың данамен басып шығарылды. Қазақ тіліне аударылған кітаптар барлық оқу орындарына, соның ішінде жеке меншік университеттерге де таратылды.

«Дүниедегі ең озық оқу орындарының бағдарламасына кірген ғылыми әдебиет, академиялық бестселлер еңбектер қазақ тіліне аударылды. Олар бұған дейін әлемнің ондаған тіліне аударылып, ілгері дамыған қоғамдарда миллиондаған тиражбен тараған. Біздің де оқытушылар мен студенттердің осындай мазмұнға қол жеткізуі үлкен олжа. Бұл, қажет десеңіздер, «Болашақ» бағдарламасының ауқымы кең жалғасы. «Болашақ» бағдарламасының арқасында біздің 20 мыңдай студентіміз әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінен білім алды. Ал енді өз елімізде оқитын жарты миллион қазақстандық студент сол Кембридж, Оксфордтың, Гарвардтың үздік оқулықтарымен қазақ тілінде білім алуға мүмкіндік алды», – деді кеңейтілген мәжіліс барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.

Ол 100 жаңа оқулықтың арқасында қоғамдық сана үшін аса маңызды бірқатар гуманитарлық білім саласының мазмұны түбегейлі түрде жаңартылғанын баса айтты.

«Көп жағдайда әлі де таптық, формациялық, идеологиялық сипатта баяндалып келген философия, тарих, әлеуметтану, саясаттану, заң мен құқықтану, журналистика, мәдениет және өнертану, тіл білімі, шығыстану, әдебиет теориясы, педагогика және психология секілді ғылымдар пәнаралық, өркениеттік және гуманистік бағыттағы жаңа мазмұнға ие болды»,- деді ол.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Дене шынықтыру мұғалімдеріне секция жұмыстары үшін қосымша ақы төленетін болды

Бүгін елордадағы Binom education мектебінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық мектеп спорт лигасының...

Қазақстандық ғалымдары терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі

ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған бірнеше инновациялық құрал әзірледі. Олардың бірі – X-Graft биологиялық жабыны. Ол клиникалық...

Бір көш жердің өлшемі қанша?

Тілімізде бұрынғы мағынасынан айырылған сөздер жетерлік. Оларды қазіргі ұрпаққа түсіндіру, сөз сырынан толық мағлұмат алатындай және оның бүгінгі пайдалану мүмкіндігін түсінетіндей етіп саралау өте...

Асхат Аймағамбетов: Бір мектепте бірнеше спорт зал болуын қарастырып жатырмыз

Ендігі уақытта орта білім беру мектептерінде бір емес бірнеше спорт залдан болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті. «Еліміз бойынша...

Асқар Жұмаділдаев: Қазіргі оқушы оқып отырған сабағын ұқпайды

Академик, математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев қосымша сабақсыз, яғни мұғалімді жалдап оқытпай, қазір оқушыға мектептегі білімді үйрену қиын болатын жағдайға жетіп қалғанымыз туралы ащы...