7 C
Нур-Султан
23.09.2021

Магистратура мен докторантураға қабылдау талаптары өзгерді

Бұл жайында еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.

«Жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен Ректорлар кеңесі Тамыз кеңесінің отырысында магистратура мен докторантураға қабылдауға қатысты ұсыныстар енгізген болатын. Егжей-тегжейлі талқылаудан кейін біз қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдадық. Енді магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Яғни, магистратура мен докторантураға түсу емтихандары дәстүрлі түрде тамыз айында және қосымша желтоқсан айында ұйымдастырылады. Осы норма 2021 жылы күшіне енеді деп жоспарлап отырмыз» деп жазады министр.

Оның айтуынша, осы мақсатта Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері кешенді тестілеу мен түсу емтихандарын қосымша ұйымдастырады. Құжаттарды қабылдау қараша айында басталады.

«Әлбетте, құжаттары мен емтихандарын тапсыруға, қажетті сертификаттарды алуға үлгермеген азаматтар үшін бұл жағымды жаңалық екені сөзсіз. Жазғы қабылдау науқаны мен өткізілген емтихандардың қорытындысы бойынша магистратура мен докторантураға арналған білім беру гранттарының артық қалуына байланысты азаматтар осы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік гранттарды иелене алады. Дайындық бағыттары бөлінісінде гранттардың саны мен құжаттарды қабылдаудың нақты мерзімдері туралы ақпарат қосымша жарияланады», деді Асхат Аймағамбетов.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білім министрлігі барлық өңірлеріндегі жауапты басшылардың ұялы телефонын жариялады

Білім министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады. «Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің...

Гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды. Бұл...

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді....

Дүние­жүзілік үздік ұстаздардың топ елулігінде қазақстандық мұғалім бар

Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сый­лығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүние­жүзілік байқауда үздік елуліктің қатары­на кіргендердің қатарында Се­мей­дегі Назарбаев зияткерлік мекте­бінің мұғалімі...

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп,...