20.05.2024

Алматыда жыл соңына дейін үш мектеп пайдалануға беріледі

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы мектеп тапшылығын азайту мәселесі қалай шешліп жатқанын айтты.

Алматы әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында мектеп құрылысына ерекше көңіл бөлінетінін, себебі балалар саны жыл сайын артып келе жатқанын жазды.

«Қалада мектеп құрылысы қарқын алды. Алатау, Наурызбай мен Түрксіб аудандарында 12 600 орынды 8 мемлекеттік мектептың құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде үш мектеп жыл соңында ашылады», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Сыйымдылығы 8 мыңнан асатын жұмыс істеп тұрған мектепке жапсарлай салынып жатқан 17 корпустың үшеуі оқу жылының басында ашылды. Жуырда тағы 6 ғимарат пайдалануға беріледі. Қалған 8-і биыл қараша айының соңына дейін аяөталады.

Жаңа мектептердің құрылысына жеке инвесторлар да белсенділік танытып жатыр. Жаңа оқу жылында қалада 11 мектеп ашылды. Тағы бірқатар жоба жүзеге асырылады.

«Нәтижесінде 36 білім беру нысанының ашылуы мектептегі орын тапшылығын 23,3 мыңнан астам оқушыға азайтпақ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыс жалғасын тауып, мектеп құрылысы жеделдетілмек», – деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Бұрын хабарланғандай, жаңа оқу жылында қаладағы 287 мектеп 300 мыңға жуық оқушыға есігін ашты.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА