27.07.2024

Биыл ірі халықаралық жарыстарда қазақстандық оқушылар 26 медаль жеңіп алды

Биыл ірі халықаралық жарыстарда қазақстандық оқушылар 26 медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Айтамағамбетов мәлім етті.

Халықаралық Олимпиада жүлдегерлерімен бейресми кездесу өткіздім. Биыл ірі халықаралық жарыстарда оқушыларымыз 26 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын, 13 күміс және 11 қола. Нәтижесінде, соңғы жылдардағы рекорд жаңартылды. Кездесуге қатысқан балалар жеңіске жету жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты, сонымен қатар сұрақтарына жауаптар алды , – деп жазды министр әлеуметтік желедегі парақшасында.

Осы орайда А. Аймағамбетов оқушылармен және жаттықтырушылармен олимпиадалық қозғалысты алдағы уақытта одан әрі дамыту бағыттары талқыланғанын айтты.

Биыл олимпиаданың республикалық кезеңі жаңа электрондық форматта өтті. Сондай-ақ академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында жаңа шаралар қабылданды.

«Жаттықтырушылар мен мектеп оқушылары осы бағыттағы жұмысты күшейту бойынша қосымша қадамдар ұсынды. Дарынды балаларды қолдау мәселесіне келетін болсақ, қазіргі таңда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сай министрлік бұл бағытта жүйелі және кешенді шешімдер әзірлеп жатыр. Кездесу соңында Олимпиада жүлдегерлеріне Мемлекет басшысының атынан Алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен бірге біз жаттықтырушылардың еңбегін де атап өттік. Бұған дейін менің атымнан 3 мың дарынды баланың ата-аналарына Алғыс хаттар жіберілген болатын. Мен олимпиада қатысушыларының мұғалімдеріне, ата-аналары мен жаттықтырушыларына тағы да алғыс айтқым келеді. Сіздердің мұндай нәтижелерге қол жеткізуде еңбектеріңіз орасан зор. Өз кезегінде Білім және ғылым министрлігі оқушыларымыздың биік белестерді одан әрі бағындырып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты деңгейде танытуларына жағдай жасауды жалғастыратынын атап өткім келеді», – деді ведомстао басшысы.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА