27.04.2024

Алматылықтар мектепте қандай киім кию керек?

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында мектеп формасы қандай болуы керегін түсіндірді.

Оның айтуынша, биыл балаларға мектеп формасын ғана емес, ата-ана жағдайы болмаса классикалық үлгіде киінуге рұқсат берілді.

«Мектеп формасы бойынша, ең бастысы ұқыпты классикалық киім кисе болғаны. Шалбар қара-қоңыр, жейде ашық түсті. Футболка киюге болмайды, тек жейде. Аяқкиімге тыйым жоқ. Балаға туфли алуға ата-ананың жағдайы болмаса, бала кеды немесе мокасинмен жүре алады», — деді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы.

Жалпы Алматыда 278 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 207-сі мемлекеттік, 71-і жекеменшік. Тағы 8 жекеменшік мектеп 1 қыркүйекте ашылады.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА