7 C
Нур-Султан
23.09.2021

Спорт және ғылым cалыстырғым келмейді, бірақ салыстырмасқа шара жоқ!

Елдің бәрі Токио олимпиадасына көз тігіп отыр.
Иә, 4 жылда бір келетін спорттық олимпиаданың беделі де, даңқы да басым. Бірақ мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды ғылыми олимпиадаға ешкім көз тікпейді.
Спорттық олимпиаданың бас жүлдесі алтын үшін мемлекеттен 250 000 $ доллар, күміс үшін 150 000 $ доллар, қола үшін 75 000 $ доллар сыйақы беріледі. Бапкерлері де сыйақысыз қалмайды.
Нар жомарт ағалар да әуежайдан күтіп алып, тұлпар мінгізіп, облыс әкімдері үй беріп жатады. Тіпті әлемдік бәсеке емес, еліміздің деңгейінде ғана өтетін Қазақстан барысы секілді спорттық доданың жеңімпаздарының алатын суммасынан бөлек облыстары төбесіне көтеріп әкімі үй беріп, меценаттар шапан жауып, ат мінгізіп жатады.
Ал бірақ өкінішке әлемдік пәндік олимпиадаларда топ жарған болашақ ғылым жолындағы жастардың алып жатқаны — бір жапырақ алғыс хат, ары кетсе министрдің құттықтауы. (Оның өзі соңғы жылдары ғана әдетке айналды.) Мысалы, жақында ғана математика халықаралық олимпиадасында біздің оқушылар алты медаль жеңіп алды, оның ішінде бір алтын, 3 күміс және 2 қола бар. Еліміздің атынан әлемдік деңгейдегі олимпиадаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Атырау қаласынан алты оқушы қатысты. Алтын медаль иегері – Мырзатай Айбек, күміс медаль иегерлері – Дүйсенбеков Данат, Сатубалдин Таир, Сам Фетуллах, қола медаль иегерлері – Олжабаев Асылбек және Баймурзин Рахим. Биология халықаралық олимпиадасында ел намысын Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен және Ақтөбе қалаларынан 4 оқушы қорғады. Олар 1 күміс және 2 қола медаль, сондай-ақ 1 Құрмет грамотасын ұлттық құраманың қоржынына салды. Күміс медальді Темірбеков Ерасыл, қоланы Батыржанов Ернар мен Ерназаров Бақдәулет, Құрмет грамотасын Әбдуәлі Гүлдана жеңіп алды.
Физика халықаралық олимпиадасында жас физиктер құрама қоржынына 5 күміс жеңіп алды. Литвада өткен халықаралық додада физика пәні бойынша Қазақстанның атынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Павлодар қалаларының жалпы бес оқушысы қорғады. Олар -республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары. Күміс медаль иегерлері – Қалдыбаев Рауан, Драганчук Антон, Рахымжанов Дінмұхаммед, Алпамыс Ризабек, Пітебай Ерсұлтан. Лингвистика пәні бойынша халықаралық олимпиада Латвияда өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Шымкент, Тараз және Қарағанды қалаларынан 4 оқушы қатысты. Бұл олимпиадада Республикалық олимпиаданың жеңімпаздарынан жасақталған Қазақстан құрама командасының мүшесі елордалық оқушы Дарья Пересыпкина қола медальға ие болды. 4 халықаралық пәндік олимпиада! Әр олимпиада да әлемнің жүзге жуық елінен келген 400-ге жуық оқушы бақ сынайды. Бәрі мемлекеттердің ең үздік оқушылары. Мимен жарысқан, қабілетпен қатарынан озған дүлділдер. Осындай додада еліміздің жас дарындары жалпы 15 медаль, оның ішінде 1 алтын, 9 күміс 5 қола медаль иелендi. Ғажап қой, иә? Бірақ осыларды әуежайдан күтіп алып, телеарнадан жарқыратып жатқан жұртты көрмедім. Қарным ашады.
Алда химия, информатика әлемдік олимпиадалары бар. Олардан да медальсіз қайтпаймыз! Айтпақшы әлемдік химия олимпиадасы IСhO-2021-де Жапонияда өтеді.
Иә, спорттық дода — елдің беделі, спорт — тән саулығы. Ең маңыздысы — оларды дәріптеу керек. Олар — елдің батырлары, оған еш таласым жоқ!
Бірақ ғылым-білім жолындағы жас дарындарымыз, әлемдік пәндік олимпиадада Қазақстан қоржынына жүлде салып жатқан оқушыларымызды неге қолдамасқа? Оларға да пәтер бермесек те, тым құрыса облыстан отандық автокөлік мінгізуге болар еді…
Сонда еліміздің жастарының ғылымға, білімге бет бұруына мотивация болар еді…
Ал оларды дайындаған бапкер ұстаздары мен жағдайын жасап сапалы білім берген мектептеріне де құрмет көрсетсе, мұғалім беделі де, білімнің статусы да артар еді. Әттең… Дәл осы оқушыларды дайындаған ұстаздарды ел түгіл облысы толық танымайды.
Жоғарыдағы 15 медальді қоржынға салған дарындарды ақша үшін жүрген Чишанлоны танығандай бүкіл ел тани ма? ЖОҚ!
Тіпті облысы да танымайды. Олардың еш журналист жарыса жазбайды, еш телеарна артынан еріп жүріп сұхбат алып, дайындық барысынан сюджет жасамайды…
Елдің экономикасын көтеретін, болашағын жасайтын ғылым… Біз ғылымға, білімге қалай, қашан бет бұрамыз? Сол кезде біздің болашағымыз туралы позитивтi ойлар айтуға болады….
Аятжан Ахметжанұлы
Нұр-Сұлтан қаласы 90-гимназия директоры

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білім министрлігі барлық өңірлеріндегі жауапты басшылардың ұялы телефонын жариялады

Білім министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады. «Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің...

Гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды. Бұл...

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді....

Дүние­жүзілік үздік ұстаздардың топ елулігінде қазақстандық мұғалім бар

Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сый­лығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүние­жүзілік байқауда үздік елуліктің қатары­на кіргендердің қатарында Се­мей­дегі Назарбаев зияткерлік мекте­бінің мұғалімі...

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп,...